Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалық

Нұрлан Ноғаев Маңғыстау халқына үндеу жасады

Өңір басшысы облыс тұрғындарын тыныштық сақтауға, жағдайдың тұрақсыздығына жол бермеуге шақырды.

12.04.2023
Жаңалық

«Құрметті маңғыстаулықтар! Қадірлі жерлестер! Бұл жағдайдың баршамыздың көңілімізге қаяу түсіріп отырғаны жасырын емес. Осы сәтте ашу үстінде асығыс шешім қабылдамай, сабыр сақтағанымыз жөн. Біз кез келген түйткілді мәселе мен қиындықтарды ақылмен шешіп, абыроймен алып келеміз. Қоғамдағы шиеленісті одан әрі ушықтыру, заң мен құқықтық нормаларды бұзу — жағдайдың тұрақсыздануына әкеледі, мәселені шешпейді. Баршаңызды сабыр сақтап, ел тыныштығын бұзбауға шақырамын. Біз бұл жағдайдың тек заң шеңберінде әділ шешілгенін қалаймыз. Баршамыздың мақсатымыз бір — ертеңгі күнге деген сенімділік пен елдің амандығы, жұрттың тыныштығы», — делінген әкімнің үндеуінде.

Оның айтуынша, қазір әсіресе арандатушыларға еріп кетпей, олардың ел ішіне іріткі салып, тыныштықты бұзуына жол бермеуіміз қажет.

«Бәріміздің мақсатымыз бір. Халқымыз адал еңбек етіп, атқарған жұмысына сай еңбекақысын алып, ертеңіне сеніммен қарап, сыйластықта өмір сүруді қалаймыз және оны жүзеге асыру үшін жұмыстанудамыз. Кәсіпорындарда тыныштық пен тұрақтылықтың болғаны бәріміз үшін де тиімді. Қазір Қасиетті Рамазан айы – мейірім мен рухани тазару айы. Біз Сіздермен осыған дейін бірлескен күш-жігеріміздің арқасында талай сын-сағаттардан өттік, оған тарих куә. Бұл түйткілді де ауызбіршілікпен, ынтымақпен еңсереміз деп сенемін. Халқымыз тыныш, ел іргесі – бүтін болсын», — дейді Нұрлан Ноғаев.

Еске сала кетейік, 10 сәуірде Энергетика министрлігі ғимаратының алдына 70-ке жуық жаңаөзендік жиналды.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында ведомство ғимаратының маңайында түнеп шыққан жаңаөзендік жұмысшылардың талабы бойынша ресми шешім әзірленіп жатқанын айтты.

Тегтер: БҚОМаңғыстауНұрлан Ноғаевүндеу

Соңғы жаңалықтар

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

19 ақпаннан бастап күшіне енді: қызылша анықталса, екпе алмаған балалар мектепке бармайды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Демалыс күндері ауа райы өзгереді: боран, жаңбыр және қатты аяз болжанды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы таныстырылды:

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Алатауда үй жануарлары азығын өндіретін зауыт салынады

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz