Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Кеген ауылының балабақшаларының қабырғасы қақырап қалған

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің Кеген ауданы жұртшылығымен басқосуында аумақтағы Қоғамдық кеңестің мүшесі Халық Зықаев Кегендегі балабақшалардың қабырғасы қақырап, еденінен су өткенін айтты.

05.04.2023
Аймақ

Халық Зықаевтың сөзіне сүйенсек, Кеген ауылында 2 балабақша бар. Бірақ, екеуінің де сапасы сын көтермейді. Себебі 4 жыл бойы кәріз суы еденнің астына толып қала беретін болған. Сәйкесінше нысандардың қабырғасы қақырап, ғимаратқа айтарлықтай нұқсан келген.

«Балабақшалар әлі де қолданыста. Балалардың қауіпсіздігіне алаңдаймыз. 1-қабатта орналасқан топтардың балалары 2-қабаттағы екі топқа бөлініп, тәрбиеленіп жатыр. Ғимарат алда-жалда опырылып түссе, жағдай не болмақ?», — деді ақсақал.

Ал жиынға қатысқан облыстық білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева болса, мәселеден хабардар екенін жеткізді.

«Былтыр ол нысандарға барып, жағдаймен таныстым. Қазіргі таңда ғимаратқа жөндеу жұмысын жасау үшін бюджеттен ақша қарастырылып тұр. Тек конкурс арқылы мердігер компанияны анықтау қажет», — деді басқарма басшысы.

Тегтер: Алматы облысыбалабақшаКеген

Соңғы жаңалықтар

Жол ережесі – өмір ережесі

Диана Ахметова
11.08.2026

Алкогольге тәуелділіктің алдын алу – ортақ міндет

Диана Ахметова
11.08.2026

Әділетті мемлекет құрудағы Ата Заңның рөлі

Диана Ахметова
11.08.2026

Әділет пен тәртіп жолындағы қоғам

Диана Ахметова
11.08.2026

Таза Қазақстан: экологиялық жауапкершілікке қадам

Диана Ахметова
11.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz