Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Депутаттар 5 жыл бойы саналы, парасатты түрде белсенді жұмыс істейді деп сенемін — Тоқаев

Депутаттар ел мүддесі үшін қызмет етуі қажет. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

29.03.2023
Саясат

«Ақпараттық технология дамыған қазіргі заманда халық бәрін жіті бақылап отыр. Осы ретте, депутаттардың ел алдындағы жауапкершілігі артқанын атап өткен жөн. Сондықтан, осы ғимаратта отырған депутаттар 5 жыл бойы саналы, парасатты түрде белсенді жұмыс істейді деп сенемін. Себебі, ел мүддесі үшін қызмет ету қажет. Бұл – «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық» деген қағиданың тағы бір көрінісі», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент сайлау науқанына өте көп адам қатысқанын атап өтті.

«Бұл – қалыпты үрдіс. Олардың арасында мақсаты, ұстанымы әртүрлі жандар бар. Қазір елдің көзі ашық, көкірегі ояу, саяси сауаты жоғары. Кез келген сайлауда жеңіске жету үшін жылдар бойы қажырлы еңбек ету қажет. Халықтың және тарихтың алдындағы жауапкершілікті сезіну керек. Бір сөзбен айтсақ, ұзақ мерзімді, жүйелі стратегияның арқасында ғана жеңіске жетуге болады. Қажетті дауыс жинай алмаған үміткерлер үшін де бұл – үлкен тәжірибе және жаңа мүмкіндік. Баршаңызды Қазақстан мүддесі үшін жұмылып жұмыс істеуге шақырамын», — деді Мемлекет басшысы.

Тегтер: Қасым-Жомарт Тоқаевмемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Бішкекте түркі елдерінің журналистері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қорлан Нұрланқызы
26.10.2026

Алматы облысында Республика күніне орай 250-ге жуық іс-шара өтіп, 28 жаңа нысан ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.10.2026

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Қорлан Нұрланқызы
25.10.2026

Президент Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
25.10.2026

Республика күні қарсаңында Қонаевта 3 мың ағаш отырғызылды

Қорлан Нұрланқызы
24.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz