Парламент палаталарының бірлескен отырысы республикалық телеарналарда және әлеуметтік желілерде тікелей эфирден көрсетіліп жатыр. Жиынға жаңадан сайланған депутаттар, мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай мүшелері, қоғам қайраткерлері келді.
Сонымен бірге сессияның ашылуы барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлейді.
Еліміздегі басты саяси науқан – Мәжіліс сайлауы мәресіне жетті. Бұған дейін 7 рет шақырылған Парламент Мәжілісі тарихында алғаш рет 6 партия өкілі заң шығарушы органның 69 мандатына ие болды. Ұзақ жылдық үзілістен кейін бір мандаттық округтер бойынша 29 депутат жеке-дара сайлауға түсіп, іріктеліп шықты.