Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Архив Сайлау-2023

Сайлау-2023: Бас прокуратура тыныштық күніне қатысты мәлімдеме жасады

Еліміздің Бас прокуратурасы 19 наурызда өтетін Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарын сайлау алдындағы тыныштық күні талаптарын еске салды.

17.03.2023
Сайлау-2023

«Бүгін сағат 00:00-де сайлауалды үгіт жұмыстары кезеңі аяқталады. Ертең, 18 наурызда және дауыс беру күні – 19 наурызда кез келген үгіт жүргізуге тыйым салынады («Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 32-бабы). Сонымен қатар 14 наурыздан бастап БАҚ-та сауалнама нәтижелерін, сайлау нәтижелерінің болжамдарын, сайлауға, кандидаттарды қолдауға дауыс беруге байланысты өзге зерттеулерді жариялауға да жол берілмейді. Яғни сауалнаманы дауыс беруге арналған үй-жайда немесе бекетте жүргізуге болмайды («Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабының 9-тармағы)», — деді Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Орталық сайлау комиссиясының отырысында.

Оның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде хабардар еткен заңды тұлғалар ғана сайлау учаскелерінен шыға берісте сауалнама жүргізе алады.

«Аталған сауалнамалардың нәтижелерін БАҚ-да дауыс беру күнінен кейін, яғни 2023 жылғы 20 наурыз сағат 00:00-ден бастап жариялауға рұқсат етіледі. Конституциялық заңның осы талаптарын орындамау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 102 және 120-баптарында көзделген жауапкершілікке әкеп соғады. Аталған заң талаптары Парламент Мәжілісі депутаттарымен қатар, барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауына да қатысты», — дейді ол.

Тегтер: Бас прокуратурасайлаутыныштық күні

Соңғы жаңалықтар

Фото: Ашық дереккөзден

Ертең Қонаевта «Барс» эко-паркінің алғашқы ағаштарын отырғызу рәсімі өтеді

Мөлдір Иманмади
10.04.2026

Алматы облысында жетім қызға қатысты зорлық ісі: екі күдікті ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026

Қазақстанда тамыз айында Құрылтай сайлауы өтеді – Тоқаев

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026

Тоқаев «Әл-Фараби» орденін енгізуді ұсынды

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026

Алматы облысында «Белсенді ұзақ өмір орталығы» бір жылда 121 адамды қамтыды

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz