Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Архив Сайлау-2023

«AMANAT»: Алматы облысына медициналық кадрларды тартуға күш салынады

Талғар ауданында «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Айдар Сарипов аурухана дәрігерлерімен кездесті.

14.03.2023
Сайлау-2023

Мұндағы мақсат – саяси кезеңнің маңыздылығын түсіндіру, партияның сайлауалды бағдарламаларын таныстыру.

Облыстың медициналық мекемелерінде 2,8 мың дәрігер және 9,1 мың медбике жұмыс істейді. 181 (53,2%) денсаулық сақтау ұйымдары жалға берілетін және бейімделген үй-жайларда орналастырылған, Денсаулық сақтау ғимараттарының тозуы 40,1%-ды құрайды. Аймақ бойынша 105 дәрігер тапшылығы байқалады. Сондықтан «AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасында осы проблемалардың шешілу жолын айқындаған. Талғарлық медицина мамандарымен кездесуде Айдар Сарипов осы тақырып төңірегінде сөз қозғады. Партияның 2027 жылға дейінгі жоспарын кеңінен түсіндірді.

«AMANAT»: Алматы облысына медициналық кадрларды тартуға күш салынады

«255 бірлік медициналық жабдықты, оның ішінде стационарлық және жылжымалы флюорографтар, сараптамалық сыныпты УДЗ, цифрлық маммографтар, бейнеэндоскопиялық кешендер, бейнефиброскоптар, жылжымалы рентген аппараттарын сатып алу арқылы алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарын 100%-ға дейін қажетті аппараттармен қамтамасыз етеміз. Денсаулық сақтау ғимараттарының тозуын 30%-ға дейін төмендетуге күш саламыз.  Облысқа медициналық кадрларды тарту үшін баспанамен қамту жайын қарастырамыз», — деді жиында Айдар Сарипов.

Сонымен қатар, кандидат сайлауалды бағдарламаның өзге де өзекті тұстарын сөз етті. Тұрғындар сұрағына жауап беріп, оларды толғандырған мәселелерін тыңдады. Өз кезегінде партия бастамаларымен танысқан дәрігерлер қауымы жобаларына ризашылықтарын жеткізді. Алдағы саяси науқанда қолдау білдіретіндерін атап өтті.

Тегтер: Алматы облысыТалғарүгіт-насихатхалықпен кездесу

Соңғы жаңалықтар

Шалкөдеде «Хантәңірі қазынасы» халықаралық этнофестивалі басталды

Қорлан Нұрланқызы
11.07.2026

Алматы облысында жануарлардың жұқпалы ауруларымен күреске 5 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
11.07.2026

Алматы облысында заңсыз көші-қонды бақылауға жасанды интеллект тартылды

Қорлан Нұрланқызы
11.07.2026

Алматы облысында ветеринария саласының үздік мамандары марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
10.07.2026

Атамекенге оралған балалар: әлем қазақтарының 288 баласы «Балдәуренде» бас қосты

Қорлан Нұрланқызы
10.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz