Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Архив Сайлау-2023

«AMANAT» сайлауалды штабы Шымкенттегі сайлаушылармен кездесті

«AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабы мүшелерінің өңірлердегі сайлаушылармен кездесулері жалғасуда.

08.03.2023
Сайлау-2023

Бүгін партиялықтар Шымкент қаласына келді. Штаб мүшелері қаладағы бизнес-қауымдастық өкілдерімен шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мәселелерін талқылады.

«AMANAT» Төрағасы Ерлан Қошанов партия ШОБ үшін елде бизнес жүргізу бойынша қарапайым ережелерді қамтамасыз етуді жалғастыратынын атап өтті.

«Біз жеке бастамалар мен нарықтық экономиканың күшіне сенеміз. Бүгінде технологиялық кәсіпкерлікті дамыту арқылы экономикадағы жоғары еңбекақы төленетін жұмыс орындарының үлесін арттыру қажет. Заңнама деңгейінде адал бәсекелестікті дамытуға қол жеткізу маңызды», — деді Ерлан Қошанов.

Штаб мүшелері «Асар» шағын ауданының тұрғындарымен инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үйге қолжетімділікке қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Шымкенттіктер жолды, ауладағы алаңдарды жөндеу және көшелерді жарықтандыру мәселелерін көтерді.

Бұдан соң аманаттықтар қаладағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына барып, аға буын өкілдеріне зейнет жасындағы адамдардың өмір сапасын жақсарту жөніндегі партияның бастамалары туралы айтты.

Осы күні «Айна» базарында өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастармен экспромт-кездесу өтті. Штаб мүшелері сайлауалды бағдарламаның өңірде тұрақты жұмыс орындарын ашуға қатысты бөлімін түсіндірді.

Тегтер: AMANATхалықпен кездесуШымкент

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүгері жинау науқаны қызу жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Қонаевта шетелдік университеттердің білім көрмесі өтеді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

«Таза Қазақстан»: жыл басынан бері абаттандыру ережесін бұзудың 2740 дерегі анықталды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы мен облысты байланыстыратын жолдар кеңейтіледі: Үкімет ірі жобаларды тексерді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа тәсілі қолға алынды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz