Кездесу барысында қатысушыларға үгіт-насихат материалдары таратылды, сондай-ақ елде орта тап құру және кедейлікті жою міндеті қойылған партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары түсіндірілді.
Партияластардың пікірінше, бұған кедейлікке қарсы заң қабылдау, сондай-ақ салық саясатына дұрыс көзқарасты қалыптастыру арқылы қол жеткізуге болады.
Атап айтқанда, отандастар өнімі мен қызметтерінен ҚҚС-ты алып тастау, ірі компанияларға қатысты прогрессивті салық салу шкаласын енгізу, шағын және орта бизнесті кредиттеу кезінде делдалдарды жою, сондай-ақ кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан берілетін несие тәртібін айқындау қажет.
Бағдарламаның негізгі мақсаты – елдің билігі мен байлығы халыққа тиесілі болуы керек, яғни сайлаудан кейін Қазақстанда халықтық үкімет, ықпалды Парламент, тәуелсіз соттар және халық сайлаған әкімдер сайлаушыларға қызмет етуі қажет.
«Ол үшін 19 наурызда сайлауға келіңіз, бізге дауыс беріңіз! Жаңа Қазақстанды құруға белсенді қатысыңыз!», – деді Нұрдәулет Оразханов.