Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Президент Үкіметке тұрғын үй құрылысына қатысты мемлекеттік реттеу шараларын қатаңдатуды тапсырды

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте айтты, деп хабарлайды Ақорда сайты.

31.01.2023
Саясат

Құрылыс компаниялары заңнаманы айналып өтіп, үлескерлер қаражатын заңсыз тартып келеді. Бұл ретте Үкімет мемлекеттік реттеу шараларын қатаңдатуы керек.

«Тұрғын үй құрылысы саласында қордаланған көптеген мәселе бар. Инженерлік инфрақұрылымның жетіспеушілігінен әкімдік тұрғын үй құрылысын біртіндеп бәсеңдетуді ұсынады. Ал, Астанада бала туу көрсеткіші жоғары және көшіп келушілер қатары да көп. Құрылыс қарқынын бәсеңдететін болсақ, 30 мыңдай адам жұмыссыз қалатынын ескеруіміз керек. Мұндай мәселелер туындамас үшін қаланың дамуын жүйелі жоспарлау қажет», — деді Президент.

Мемлекет басшысы Астана тиісті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі және салынып жатқан нысандардың барлығында заманауи энергия үнемдейтін технологиялар қолданылуы тиістігін айтты. Сондай-ақ, шамамен 4 мың үлескердің мәселесі де күн тәртібінен түспегеніне назар аударды.

«Заңнамалық базаның осалдығынан қалада проблемалық нысандар тағы пайда болуы мүмкін. Қазір Астанада 90-нан астам тұрғын-жай кешені рұқсат құжаттарынсыз салынып жатыр. Құрылыс компаниялары мардымсыз айыппұлды төлеп, тұрғындар қаражатын тартуды жалғасыра береді. Үкімет мемлекеттік реттеу шараларын қатаңдатуы керек. Құрылыс салушылардың заңнаманы айналып өтіп, үлескерлер қаражатын тартуына жол бермеу қажет. Бұл жұмысқа Қаржылық мониторинг агенттігі атсалысуы керек», — деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Президент жер телімін бөлу мәселесінде ашықтық болуына талап етті.

«Құзыретті органдарға жер телімін бөлу мәселесінде ашықтық жоғы туралы көп шағым түсіп жатыр. Әңгіме танымал құрылыс компанияларына жасалатын «ерекше» жағдай туралы. Бұл процесс толығымен ашық болуы керек. Жер цифрлық сервистер арқылы және конкурс негізінде берілуі тиіс. Үкіметке әкімдікпен бірге осы мәселемен мықтап айналысуды тапсырамын», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тегтер: Қасым-Жомарт Тоқаевмемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

Больше 60 дачных массивов получили статус села в Алматинской области

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz