Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жетісу облысында полицейлер шетел азаматын ұрып-соғып, құлдыққа сатып жіберген

Өзбекстан азаматы Вадим Хамраев Жетісу облысының полицейлері өзін ұрып-соғып, құлдыққа сатқанын айтып, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады.

29.01.2023
Аймақ
Фото: taldykorganec.insta

Фото: taldykorganec.insta

Instagram-дағы парақшада жарияланған видеода шетелдік Қаратал ауданының учаскелік полицейлері оны соққыға жығып, ақша алғанын, кейін фермаға 6 қой мен 200 мың теңгеге құлдыққа сатып жібергенін баяндайды.

«Әйелім мен қайын атама елден шығарып жіберді депті. Мен шаруа қожалығында болдым. Кеше қашып кеттім. 2 балам бар. Шаршадым, бар шаруаны істеймін, пеш жағамын, бақшаны қазамын. Мені іздеп жатыр, өлтіреміз деп қорқытады. Құрметті Президент, осы жағдайдан шығуға көмектесіңізші, сізден көмек сұраймын», — дейді ер адам.

Дәлел ретінде ер адам ұрып-соққаннан денесінде қалған тыртықты көрсетті.

Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі видеоның астында пікір білдірді:

«ҚР ҚК 362-бабы 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаймыз. Сотқа дейінгі тергеу Өзіндік қауіпсіздік басқармасының өндірісінде. Видеоүндеу авторы 38 жастағы шетелдік табылды және одан жауап алынды. Бұл факті бойынша тергеу жұмыстары облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынды», — делінген ведомство хабарламасында.

Тегтер: Жетісу облысықұлдықТалдықорған

Соңғы жаңалықтар

СҰХБАТ: Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасы және жүйелі мәселелерді шешу жолдары

Мөлдір Иманмади
30.09.2026

Алматы облысында «Ақши-агросервис» серіктестігіне нұсқама шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Шеңгелдіде 1200 тонна заңсыз қоқыс шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Алматы облысында үш жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
30.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz