Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Облыстық бюджеттің 52% бөлінгенмен, білім сапасында өзгеріс жоқ – Асылан Ораз

Бұл туралы Алматы облысы бойынша Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Асылан Ораз облыстық мәжілісте мәлімдеді.

27.01.2023
Аймақ

Оның айтуынша, облыс бюджетінің 52%-ы білім саласына тиесілі. Биыл оның көлемі — 386 млрд. теңге (2021 ж. – 360,1 млрд. теңге, 2022 ж. – 314,7 млрд. теңге).

«Тек өткен жылдың өзінде 102 жаңа модификация кабинеттері ашылып, 78 мектепке қайта жаңғырту жүргізілді, 21 мектеп күрделі жөндеуден өтті. Осыған қарамастан оқушылардың білім сапасы соңғы үш жылда өзгеріссіз қалып отыр. Мәселен, 2020 жылы – 65,4% (2021 жылы – 65,6%). Ал, 2022 жылы 64,8%-ды құрап, 2021 жылмен салыстырғанда 0,8% пайыздық тармаққа азайды. Оның ішінде Қонаев қаласында — 4,6%-ға, Талғарда — 3,4%-ға, Іледе — 1,8%-ға және Жамбылда 0,2%-ға төмен», — деді Асылан Ораз.

Сонымен қатар, Асылан Ораз аймақтың білім саласындағы негізгі проблемаларды атап өтті. Мәселен, аймақта әлі 232 педагог маман жетіспейді – Қарасай (73), Еңбекшіқазақ (49), Талғар (41), Іле (30) аудандарында және Қонаев қаласында (11).

Бұдан бөлек, 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту үшін мемлекеттік тапсырысқа өткен жылы 45 млрд. теңгеге жуық қаржы да нәтиже бермей отыр. Қамту деңгейі — 93%, республикалық көрсеткіштен (98,1%) төмен.

Кәмелетке толмағандармен жасаған қылмыстардың саны 85-тен 96 жағдайға дейін өсіп кеткен. Қылмыстардың ең көбі Қарасай — 45, Жамбыл және Талғар — 15-тен, Еңбекшіқазақ — 11 аудандарында және Қонаев қаласында – 4 тіркелген.

«Ата-ана ретінде бәрімізге ең үлкен алаңдаушылық туғызатыны жасөспірімдер арасында орын алған — 14 суицид және 15 әрекет болып отыр. Мұнда білім беру, ішкі істер департаменті, цифрландыру, мәдениет және ішкі саясат басқармаларының іс-шараларын жан-жақты пысықтау қажет. Қазірдің өзінде жасөспірімдер психикасына деструктивті әсер ететін интернет-ойындар да ықпал етеді. Сондықтан балалардың мектептен тыс үйірмелермен қамтылуына, мектеп психологтарының түсіндіру-тәрбие жұмыстарының тиімділігін көтеруге баса назар аудару қажет», — деді өңірдің бас экономисті.

Тегтер: Алматы облысыАсылан Оразбаяндамабілім сапасымәжіліс

Соңғы жаңалықтар

ОСК жаңа Конституция жобасы бойынша референдум бюллетенінің мәтінін бекітті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысы білім басқармасының басшысы тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында жүк көлігі жеке тұрғын үйге соғылды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында полиция трассаларды дрондар арқылы бақылауды күшейтті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қазақстан XXV қысқы Олимпиадада нешінші орын алды?

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz