Қазіргі таңда азаматтарды жедел-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.
Алматы облыстық ТЖД баспасөз мәліметіне сүйенсек, 4 қаңтар күні кешкі уақытта 14 адам (әйелдер мен балалар) эвакуацияланды. Оларға медицина мамандары алғашқы көмек көрсетті. Есік қаласында құтқарылған адамдарға арнап ауруханадан 45 төсек дайындалды. Сондай-ақ азаматтарға азық-түлік пен жылы заттар берілді.
Ең алдымен ауыр көліктің көмегімен әйелдер мен балалар, одан кейін ер адамдар құтқарылып жатыр. Эвакуация жұмысы қардың қалың жаууы және оның көшуінің әсерінен қиынға соғып отыр. Белгілі болғандай, қар көшкінінің ұзындығы 40 метр, ені-6 м, биіктігі – 1.80 м, алдын ала көлемі – 432 текше метр. Бұл жерде «Қазселденқорғау» ММ және ДСУ 13 техникасы жұмыс істеді, автожол толығымен тазартылды.
4 қаңтар күні сағат 17:30-дағы жағдай бойынша авариялық-құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаментінің, Республикалық жедел-құтқару жасағының, полиция, облыстық денсаулық сақтау департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың және еріктілердің құрамынан 85 адам мен 38 техника жұмылдырылды.