Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта халықаралық компания медициналық ЖОО, фармацевтика зауыты және аурухана салады

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев International Academy of medicine and sciences компаниясының бас директоры Жұмағали Исмаиловты қабылдады, деп хабарлады өңірдің денсаулық сақтау басқармасы.

30.12.2022
Аймақ

Кездесу барысында тараптар облыс орталығында жоспарланған бірқатар бірлескен жобаларды талқылады. Мәселен, халықаралық медицина және ғылым академиясы (International Academy of medicine and sciences) Қонаев қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі бойынша 350 орындық облыстық көпсалалы мамандандырылған аурухана салуға ниетті. Жобаны іске асыру мерзімі — 2023-2026 жылдар.

Бұдан басқа, Алматы облысында 2023-2025 жылдарға арналған фармацевтикалық зауыт салу жоспарланған. Бұл ретте жеке инвестициялар көлемі 10 млрд теңге.

Қалада жүзеге асырылып жатқан үшінші жоба — қос дипломды бағдарлама (Үндістан – Қазақстан) бойынша халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ашылуы.

«Қонаев — даму әлеуеті зор қала және біз облыс әкімдігімен әлеуметтік жобаларымызды жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Бұл үшін бізде жол картасы әзірленіп, қысқа мерзімде осы бағытта жұмысты бастауға ниеттіміз», — деп атап өтті академияның бас директоры Жұмағали Исмаилов.

Өз кезегінде облыс әкімі жоспарларды іске асыруда жан-жақты қолдау білдіріп, жобаның әлеуметтік бағытын атап өтті. Тараптар өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы тиісті меморандуммен өз ұстанымдарын бекітті.

Тегтер: Алматы облысыҚонаев

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz