Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Көлікті жеңілдетілген автонесиемен кезекке тұрғандардың бәрі алады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жеңілдетілген автонесие бағдарламасы жөнінде тілшілер сұрағына жауап берді.

27.12.2022
Жаңалықтар

«Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы тоқтаған жоқ. Алайда бұрын оған 100 млрд теңге бөлінген. Енді мұндай қаражат бөлінбейді. Бұрын бөлінген ақша неғұрлым көбірек қайтарылса, сол бойынша автонесие берілуге тиіс. Бірақ банктер қаржыны сәл жинап алып, кредитті береміз бе деген шешімді қабылдады. Менің ойымша, олар өздері біледі, бұл оларға қатысты бизнес процесс. Бірақ күнделікті түскен ақшаны күн сайын беріп отыру керек. Сондықтан жеңілдетілген автокредитті тоқтатпай, халықты да шулатпай, процесс күн сайын жүруі керек», — деді Индустрия министрі Үкімет кулуарында.

Сонымен бірге министр жеңілдетілген автокредит бағдарламасы бойынша қанша адам кезекте тұрғанын айтты.

«Бірінші кезекте 15 мың адам тұр, оның 13 мыңы көлік алды. Қосымша 16 мың көлік алуға өтініш берілді. 15 мың адам көлік алуға бұрын өтініш берген. Менің ойымша, бәрі әділ өтуі керек. Кім бірінші өтінішті берді, соларды қамту керек. Кейін келесі өтініш берген адамдармен жұмыс істеу керек. Әрине, кезекте тұрғандар көлігін ала алады. Біз жыл сайын ішкі өнімді арттырып жатырмыз. Биыл 110 мың көлік шығарамыз деп отырмыз. Олардың санын жыл сайын кемінде 30%-ға өсіреміз. Келесі жылы 120 мың көлік шығарамыз деп жоспарлап отырмыз және 130 мың көлікке дейін жеткіземіз», — деді Қайырбек Өскенбаев.

Тегтер: автонесиекөлікҚайырбек Өскенбаев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүгері жинау науқаны қызу жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Қонаевта шетелдік университеттердің білім көрмесі өтеді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

«Таза Қазақстан»: жыл басынан бері абаттандыру ережесін бұзудың 2740 дерегі анықталды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы мен облысты байланыстыратын жолдар кеңейтіледі: Үкімет ірі жобаларды тексерді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа тәсілі қолға алынды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz