Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жетісу облысында 256 млн теңгеге жасалған су жүйесі жарамай қалған

Жетісу облысының Кербұлақ ауданына қарасты Шанханай ауылында жасалған таза су жүйесінің иігілін халық көре алмады. Себебі, жерден су шықпай қалған.

28.11.2022
Аймақ

Өйткені, әу баста тіршілік нәрі шығатын жерді шенеуніктер зерттемей, бірден жобалық-сметалық құжат жасап, мұнара орнатып, құбырларды жүргізіп тастаған. Ал бұл жұмыстарды жүргізуге 256 млн теңге жұмсалған. Қазір Шанханай ауылында осыдан үш жыл бұрын жасалған мұнараның түкке пайдасы болмай қалған. Ал, мамандардың айтуынша, әуелі жердің су мөлшері кемінде 10 жылға жететіндігі зерттеліп, тексерілуі керек еді.

«Мұнара қазір экспонат болып тұр, түкке пайдасы жоқ. Сайдағы су сорғышты терең қазған, оның да түкке пайдасы жоқ, халық су ішпесе, қандай пайдасы болады? Сөйтіп ақшаны құртты, ақша кетті», — деді Шанханай ауылының тұрғыны Руслан Анарханов.

Осылайша ауыл халқы қазір бұлақтың суын тұтынып отыр. Алайда, жауын жауса су лайланып, ішуге жарамсыз болып қалатынын облысқа жаңадан келген Тұрғын үй шаруашылық басқармасының басшысы да растайды.

«Көктемде су тасқыны болғанда, жауын жауғанда, ол су лайланады да, бір-екі апта ауылда су болмай қалады», — деді Жетісу облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Ернат Бәзіл.

Қазір Шанханай ауылындағы су мәселесіне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі кірісті.

«Бұл бойынша жергілікті атқарушы орган дер кезінде ешқандай шара қолданбаған. Қазір бұл істе жемқорлық көріністері бар ма, жоқ па, неге осындай болғаны тексеріліп жатыр», — деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Мақсат Жебегенов.

Енді халықты таза тіршілік нәрімен қамтамасыз ету үшін қайта су шығатын жерді анықтамақ. Ал оған тағы қанша қаражат жұмсалатыны белгісіз. Ал ауылға су мұнарасын тұрғызып кеткен шенеуніктер қазір Кербұлақ ауданында жұмыс істемейді.

Тегтер: Жетісу облысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының әкімі жұмысшы жастармен жүздесті

Қорлан Нұрланқызы
12.08.2026

Президент белгілі актер Нұрқанат Жақыпбайды «Қазақстанның халық әртісі» атағымен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
12.08.2026

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ

Диана Ахметова
12.08.2026

Меншікке қол сұқпау – заң талабы

Диана Ахметова
12.08.2026

Есірткісіз өмір – дұрыс таңдау

Диана Ахметова
12.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz