Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жетісу облысында еңбек құлдығына түскен ер адамның ісіне қатысты тексеріс басталды

Жетісу полицейлері әлеуметтік желілерде көп жылдық еңбек құлдығы туралы мәлімдеген ер адамды іздеп тапты, деп хабарлайды Alataunews.kz ІІМ-не сілтеме жасап.

24.11.2022
Аймақ

22 қарашада әлеуметтік желілерде ер адамның бейне хабарламасы шықты, ол соңғы 10 жыл Қаратал ауданындағы шаруа қожалық иесінің құлдығында болғанын мәлімдеді. Полицейлер видеоның авторы болған Үштөбе қаласының 44 жастағы тұрғынын іздеп тапты.

Ер адам, жұмыс беруші оның отбасы мүшелерінің құжаттарын заңсыз иемденгенін айтады.

«Қазір ер адамның өтініші ресми түрде тіркелді. Оған қатысы бар барлық адамдардан түсініктеме алынды. Яғни, шаруа қожалығының иесі, оның қызметкерлері, сондай-ақ жәбірленушінің туыстары. Құжаттарды заңсыз алу фактісі бойынша тергеу амалдары басталды. Қылмыстық іс аясында, сондай-ақ өтініш берушінің еңбекті пайдалануы туралы келтірген дәлелдері де тексеріліп жатыр. Ер адам және оның қызына көмек көрсетіліп жатыр. Тергеу барысында ол Талдықорған өңірлік «Әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері ұсынған тұрғын үймен, киіммен және тамақпен қамтамасыз етілген. Іс бойынша барлық тергеу әрекеттері Облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынды», — деді облыс ПД бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Тегтер: Жетісу облысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында тозығы жеткен 22 үй сүріледі: тұрғындар қайда көшіріледі?

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Қонаевта «Қазақстан – Дания» бизнес-форумы өтті

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Алматы облысында 344 млн долларға салынған ірі сусын өндіретін зауыт ашылды

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Қонаевта жасанды интеллектіні меңгерген үздік педагогтер марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Құқықтық тәртіп және қоғамдық тұрақтылық

Акжаркын
01.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz