Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Көшені жауып тастаған: Бесағаш тұрғындары үйлеріне жету үшін бүкіл ауылды айналып жүр

Алматы облысы Бесағаш ауылының тұрғындары көшесіз қалды. Өйткені бұл жер учаскесі жекеге тиесілі болып шықты. Меншік иесі тұрғындардың үйлеріне апаратын жолды қоршап тастаған. Бұл туралы Alataunews.kz Almaty.tv каналына сілтеме жасап хабарлайды.

23.11.2022
Аймақ

Тұрғындардың бүкіл ауылды айналып өтуден басқа амалы қалмаған. Ал көлігі жоқ адамдар бірнеше сағат бойы батпақты жолсыз жерлермен үйлеріне жетуге мәжбүр болған.

«Қақпа қойып тастады. Ешкімді өткізбейді. Жақында ол мұнда үй салатынын айтты. Сонда біз енді не істеуіміз керек?», — дейді Бесағаш ауылының тұрғындары.

Бұл көшемен 50 отбасының тұрғындары үйлеріне қатынап келген. Енді оны көршілердің бірі сатып алып отыр. Бұл жаңалықты олар үш ай бұрын меншік иесі көшені жауып, қоршаған кезде ғана  білген.

«Біз әкімдікке бардық. Олар бұл жер жеке меншік иесіне тиесілі болғандықтан, ештеңе істей алмайсыздар деді. Жер иесінің өзімен сөйлесуге тырыстық. Ол ештеңені өзгертпейтінін айтты», — дейді Бесағаш ауылының тұрғыны Әлішер Әукенбаев.

Бұл көше жабылған соң, тұрғындар жол бойымен ағып жатқан тереңдігі бес метр өзен арқылы қатынауға мәжбүр болып отыр. Ауыл тұрғындары өз күштерімен көпір салған.

«Осындағы жер учаскесін сатып алғанымызда бүкіл отбасымызбен қуанған едік. Үш миллионға алып, үй салдық. Енді міне тіпті көлік қоятын жеріміз жоқ. Оны ауылдың сыртына қалдырып, жаяу барамыз», — дейді Сырым Әділғазин.

Ауыл тұрғындары қалдырған көліктерін ұрылар тонап жатқанын айтып шағымданды. Бір-екі күн бұрын көліктің әйнегін сындырып, бөлшектерін ұрлап кеткен. Кінәлі табылмапты. Ал жергілікті билік көшені қайтару мәселесіне келгенде дәрменсіздік танытып отыр дейді ауылдықтар.

«Біз Ринатқа барлық ұсыныстарды айттық. Сәулетшімен ақылдасып, бәрімізге тиімді етіп өзгертейік дедік. Мүмкін болған нұсқалардың ешқайсына да келіспеді. Оның мемлекеттік актісі бар. Сондықтан жер учаскесін қоршап алды және ол әлі не істейтінін шешпегенін айтып отыр. Бірақ бұл оның құқығы», — дейді Бесағаш ауылдық округі әкімінің орынбасары Әлібек Рамазанов.

Жағдайды қалпына келтіру үшін жерді мемлекет балансына қайтару керек. Алайда қазіргі иесі өз аумағын қайтарудан бас тартты, дейді жергілікті әкімдік. Олар қазір проблеманы шешудің басқа жолдарын іздеп жүрміз деп сендірді.

Соңғы жаңалықтар

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Таяу Шығыс бағыттары жабылды: билеттер 13 наурызға дейін сатылмайды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz