Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматының сайлау учаскелерінде заң бұзушылықтар жоқ — Ресей Федерациясының байқаушылары

Алматы қаласы бойынша ҚР Президентінің сайлау процесін бақылау мәселесі туралы баспасөз конференция өтті. Спикер ретінде Свердлов облысы Заң шығару жиналысының өңірлік саясат және жергілікті басқаруды дамыту жөніндегі Комитетінің төрағасы Михаил Валерьевич Зубарев сөз сөйледі, деп хабарлайды Alatsunews.kz.

20.11.2022
Жаңалықтар

Спикер сайлау күні Алматыда болған барлық 17 сайлау учаскесінде дауыс беру рәсімдері Қазақстан Республикасының Конституциясына және «сайлау туралы» Заңына нақты сәйкес екенін айтты.

«Барлық учаскелерде біздің миссиямыздан басқа да ұлттық бақылаушылар мен кандидаттардың өкілдері көп болды. Мен олармен сөйлестім, олардың ешқайсысы ешқандай ескертулер тіркеген жоқ. Бұл сайлау процедурасы заңды дегенді білдіреді. Қазақстан Республикасының тұрғындары осы сайлау науқанының нәтижелерін қабылдайтынына сенімдімін. Мен бақылаған учаскелерде ешқандай заңбұзушылықтар болған жоқ», — деді М. Зубарев.

Ол сондай-ақ олардың миссиясының міндеті — Қазақстан Республикасы тұрғындарының ерік білдіру процесіне араласу емес, тек дауыс беруді қадағалау екенін атап өтті.

«Сайлау комиссиясының мүшелеріне, бақылаушыларға және сайлаушыларға қандай да бір кеңестер беру біздің міндетіміз емес. Сайлау рәсімінің өзі — Қазақстан Республикасы тұрғындарының ішкі мәселесі. Халықаралық бақылаушылар миссиясының міндеті — дауыс беру процесінің заңдылығын растау. Сайлау процесі көп қырлы және қарапайым емес және бәрі оның қыр-сырын біле бермейді», — деді спикер.

М. Зубарев Алматының сайлау учаскелерінің жабдықтануына да тоқталды. Ол барлық учаскелер жабдықталғанын, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін дауыс беруге жағдай жасалғанын атап өтті.

«Әр учаскеде көшпелі дауыс беру мүмкіндігі қарастырылған және көптеген учаскелерде азаматтар осы құқықты пайдаланды. Сайлаушылардың ерік-жігеріне сыртқы күштер тарапынан ешқандай қысым болған жоқ. Мұнда бізден басқа миссиялар мен ұлттық бақылаушылар жұмыс істейді. Сайлау комиссияларының жұмысы барысында ешқандай бұзушылықтар тіркелген жоқ», — деп қорытындылады Ресей Федерациясының спикері

Тегтер: президент сайлауы 2022сайлау2022

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүгері жинау науқаны қызу жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Қонаевта шетелдік университеттердің білім көрмесі өтеді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

«Таза Қазақстан»: жыл басынан бері абаттандыру ережесін бұзудың 2740 дерегі анықталды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы мен облысты байланыстыратын жолдар кеңейтіледі: Үкімет ірі жобаларды тексерді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа тәсілі қолға алынды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz