Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жетісу облысында диқандар қант қызылшасын егуден бас тартты

Жетісу облысында диқандар қант қызылшасын егуден жаппай бас тартып отыр. Небәрі үш-төрт жылда Ақсу ауданындағы шаруалардың шамамен 80 пайызы тәтті түбір өсірудің орнына, басқа дақылдарды егуге көшкен. Өйткені судың жетіспеушілігінен бастап, жанармай бағасы да әлі күнге дейін шешімін таппай келеді, деп хабарлайды Alataunews.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

16.11.2022
Аймақ

Бір ай бұрын ғана бұл өңірге жұмыс сапарымен барған президент қант тапшылығын болдырмау үшін екі зауыттың жұмысын жандандыруға пәрмен берген. Алайда бұл өндіріс орнының басшылығы жергілікті шаруалар өсірген қызылшаға лайықты құнын бермейді немесе мүлдем қабылдамайды дейді шаруалар.

Александр Квитко – 1999 жылдан бері қант қызылшасын егіп, тіршілігін дөңгелетіп келген шаруа. Алайда биыл 80 гектар егістік алқабына жүгері егіпті. Өйткені соңғы үш жылда тәтті түбірдің пайдасынан көрі машақаты көбейіп кетті дейді. Айтуынша, қант зауыты да маңдай термен келген өнімге лайық баға бермей отыр.

«Былтыр зауыт бір келі қант қызылшасына 15 теңге деп айтты. Мемлекет те өнімді өсіруге 15 теңге бөледі. Енді биыл 2023 жылы қант қызылшасына бөлінетін баға жария болды. Келесі жылы мемлекет 25 теңге субсидия берсе, зауыт 15 теңге қылып қалдырды. Көктемдегі егіс науқаны кезінде шекер 230-275 теңге болған. Бірақ қазір зауыттан шыққан тәттінің құны 450 теңге. Сонда зауыт шаруаларды ойламай ма?», — дейді шаруа қожалығының басшысы.

Су жетіспеушілігінен бастап, инфляцияға байланысты тыңайтқыштардың да құны шарықтап кеткен. Одан қалса жанармай да қымбат. Жылдар бойы шешімін таппай диқандарды әбден шаршатқан түйткілдердің кесірінен қызылша егетіндердің саны да күрт азайған. Айналдырған үш-төрт жылда 50 шаруа қожалығы тәтті түбір өсіруден бас тартыпты. Мұны әкімдіктегілер де біледі. Ал биыл қант қызылшасы 800 гектар алқапқа егілсе де, оның 200-ден астамы мүлдем шықпай қалған.

«Жоспар бойынша 25 шаруа қожалық 800 гектар алқапқа қант қызылшасын септі. Енді көктем уақытында ауа райының қолайсыздығына байланысты 235 гектар алқапқа қызылша шықпай қалды. Жердің қыртысына байланысты. Жаңбыр жауды. Енді 565 гектар жиналады. Бүгінде қазу жұмысы жүріп жатыр», — дейді Ақсу ауданы жер қатынастары мен ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Азамат Қасымов.

Бұл көлемге «АқсуҚант» зауыты қанағаттанбай отыр. 2017 жылдан бері қант қызылшасының қажетті көлемі келмей, сол уақыттан бері шығынға біз де батып отырмыз дейді зауыт басшысы. Осылайша зауыт келесі жылдан бастап қамыстан қант шығаруды қолға алмақ.

Айта кетері, бір келі қант қызылшасына қарағанда, қамыс бағасы әлдәқайда қымбат әрі шикізат шетелден тасымалданады. Дегенмен қамыстан қант көбірек өндірілген соң, шекер бағасына әсер етпейді дейді басшы.

Сондай-ақ зауыт келесі жылы жергілікті өнімді қабылдауға да сөз берді. Бірақ бағасы әзірге белгісіз. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев көктемде Жетісу өңіріне арнайы ат басын бұрған еді. Шаруалар оңтайлы сәтті пайдаланып, дәл осы бітпейтін мәселені көтерген.

Әдеттегідей, министр шаруашылыққа қолдау көрсетуді тоқтапаймыз, жалпы өнім көлемін екі есе ұлғайтамыз деп уәдені берді дейді жергілікті жұрт. Шаруалар арада бақандай сегіз ай өтсе де, түйткілдердің бірде-бірі әлі күнге дейін шешілмеген.

Тегтер: Жетісу облысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының кәсіпкерлері референдум қарсаңында тың бастама көтерді

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Екі айда 2,9 трлн теңге: бюджет кірісі жоспардан асты

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында референдум: өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz