Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Есік қаласында «Жүрегімнің сәулесі» қайырымдылық шарасы өтті

Алматы облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Есік археологиялық өлкетану музейінде «2022 жыл – Балалар жылы» аясында және Халықаралық зағиптер күніне орай «Жүрегімнің сәулесі» атты қайырымдылық шарасы өтті, деп хабарлайды Alataunews.kz.

16.11.2022
Аймақ

Қайырымдылық шараның мақсаты – атаулы күннің қоғамдық мәні мен мағынасын насихаттау, көру қабілеті шектелсе де, өмірге деген құштарлықтары шексіз жандардың ерекше мүмкіндіктерін көрсетіп, балаларға қуаныш сыйлап, қамқорлық көрсету.

«Бұл шараға Есік қаласының облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты мен облыстық «Зерде» бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының оқушылары қатысты», — дейді Алматы облыстық музейлер бірлестігінің директоры Әнуар Үмбеталиев.

Жиналған жұрт Түрген ауылы Мәдениет үйі қызметкерлері дайындаған концертпен қатар көру қабілеті нашар балалардың өнерін тамашалады.

Сондай-ақ мұнда Дәркембай атындағы қол өнер музейінің көрмесі мен шеберлік сағаты, суретші, Алматы облысы дизайнерлер одағының төрағасы Қадыров Құрманғазының көрмесі және қуыршақ театрының қойылымдары болды.

Қайырымдылық іс-шарасына Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы, Алматы облысының Туризм басқармасы, Мемлекеттік қуыршақ театры, БАҚ және музейлер қатысты.

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында тозығы жеткен 22 үй сүріледі: тұрғындар қайда көшіріледі?

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Қонаевта «Қазақстан – Дания» бизнес-форумы өтті

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Алматы облысында 344 млн долларға салынған ірі сусын өндіретін зауыт ашылды

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Қонаевта жасанды интеллектіні меңгерген үздік педагогтер марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Құқықтық тәртіп және қоғамдық тұрақтылық

Акжаркын
01.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz