«Жиында бірқатар мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды. Бұрын хабарланғандай, мұндай жағдайлар үшін облыс әкімдігінде туындаған әлеуметтік мәселелерді жедел және тиімді шешуге бағытталған проблемалық мәселелердің арнайы картасы әзірленді», — делінген хабарламада.
Мәселен, өңірдегі өзекті мәселелердің бірі — қоғамдық көлік. Облыс әкімі атап өткендей, қазіргі таңда Алматы қаласының әкімдігі пайдаланылған 300 автобусты облыс балансына өткізіп бермек. Өз кезегінде өңірдегі басшылық коммуналдық автопарк құру мәселесін пысықтап жатыр.
«Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан темір жолы» Акционерлік қоғамымен ынтымақтастықта «Алматы-Қонаев» пойызы іске қосылды. Сондай-ақ жоспарлы түрде көшелерді жарықтандыру, елді мекендерде жол салу мәселелері шешіліп жатыр», — деп жазды баспасөз қызметі.
Қызыл ту кентінің тұрғындары облыс басшылығынан зираттарға арналған орынның тапшылығы мен оның толып кету мәселесін шешуге жәрдемдесуді сұрады.
Ал облыс әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергеновтің айтуынша, «Байсерке Агро» ЖШС ауыл әкімдіктерінің пайдасына бірнеше гектар жер бөліп берді және мәселе күн тәртібінен алынып тасталды.
Сонымен қатар кездесуде үш ауысымды мектептер мәселесі көтерілді. Облыс әкімі «жайлы мектеп» бағдарламасы аясында тек Талғар ауданында 11 оқу орны салынатынын айтты.
Кездесуді қорытындылай келе, Марат Сұлтанғазиев жиналғандарды ауылдық округ әкімдерін сайлау мәселесіне аса байыпты қарауға шақырды.
«Қазір ауылдық округтердің әкімдері сайланатыны белгілі. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, Талғар ауданында ауыл әкімдерін сайлауға келушілердің ең төмен көрсеткіші тіркелген. Бұл өте маңызды мәселе, өйткені сіз өзіңізбен тікелей жұмыс істейтін әкімді таңдайсыз. Сондықтан мен сіздерді азаматтық белсенділік танытуға және әрбір тұрғынға осы процестің маңыздылығы туралы хабарлауға шақырамын», — деді Марат Сұлтанғазиев.