Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қазақстан темір жолы мен Жетісу облысының әкімдігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

«Достық», «Алтынкөл» станцияларын дамыту, Достық-Мойынты учаскесінде екінші жол салу, Алакөл бағытында туристік кластер қалыптастыру. Бұл мәселелер «Қазақстан темір жолы» мен Жетісу облысы әкімінің кездесуінде талқыланды, деп хабарлайды Alataunews.kz Ұлттық компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

11.11.2022
Аймақ

Достық-Мойынты учаскесінде екінші жол салудың инфрақұрылымдық жобасы «Күшті өңірлер – елді дамытудың драйвері» Ұлттық жобасы шеңберінде іске асырылады. Еліміздің транзиттік әлеуетін және учаскелердің өткізу қабілетін арттырудан басқа, жоба өңірдің дамуына мультипликативтік әсер етеді. Темір жол салу кезінде отандық өндірушілер материалдарын пайдалану және жергілікті мамандарды тарту жоспарланып отыр. Жұмыс барысында және екінші жолды пайдалануға бергеннен кейін Жетісу облысы аумағында 2 000-ға жуық жұмыс орны құрылады.

Кеңесте Алакөлге дейін жолаушылар тасымалын ұйымдастыру мәселелері қаралды. Осы маусымда 11 жолаушылар пойызы жүрсе, оның 9-ы «Жолаушылар тасымалы» АҚ, ал 2-уі жеке тасымалдаушыға тиесілі болды. Ұлттық тасымалдаушы ҚР ИИДМ қолдауымен Алматыдан екі бағыт бойынша «Тальго» вагондарынан құрылған жолаушылар құрамын іске қосты. Жалаңашкөл, Көктұма, Ақши және Бескөл станцияларында вокзал ғимараттары мен жолаушылар платформалары жөнделді. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ыңғайлы болу үшін вокзал ғимараттарында пандустар, күту залында арнайы орындар орнатылып, мүгедектер арбалары сатып алынды.

Облыс тұрғындары мен кәсіпкерлерінің сұраныстарын орындауға ерекше назар аударылды. Достық және Талдықорған станцияларында теміржолдар арқылы жаяу жүргіншілер өткелдерін салу, Текелі энергокешеніне вагондардың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету және теміржолшылардың қажеттіліктері үшін өз өнімдерін жеткізуде облыс кәсіпорындарын қолдау мәселелерін шешу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Облыс әкімі Бейбіт Исабаев іскерлік, сындарлы кездесуді ұйымдастыруға қатысқаны үшін алғысын білдіріп, Жетісу облысында ҚТЖ инфрақұрылымдық жобаларын іске асыруға толық көмек көрсетілетініне сендірді.

Кеңес қорытындысы «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен Жетісу облысы әкімдігі арасындағы ынтымақтастық туралы екіжақты меморандумға қол қоюмен бекітілді.

Тегтер: Жетісу облысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының кәсіпкерлері референдум қарсаңында тың бастама көтерді

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Екі айда 2,9 трлн теңге: бюджет кірісі жоспардан асты

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында референдум: өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz