Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматыда ескірген 40 шақырым электр желілері жаңартылып жатыр

Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесуінде аудандағы инженерлік желілерді жаңғырту жұмыстары қалай жүріп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

10.11.2022
Аймақ

«Аудан тұрғындарын, атап айтқанда, Палладин – Павлодарская – Сельская – Боралдай көшелері мен Кемел шағын ауданының тұрғындарын электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз ету үшін 40 шақырым ескірген желілерді реконструкциялау жұмыстары жүріп жатыр. Жұмыстар осы жылдың тамыз айында басталды. Қазірдің өзінде 800 тірек орнатылып, 15,8 шақырым кабель тартылды. Палладин – Павлодарская – Сельская – Боралдай көшелеріндегі жұмыстар осы жылдың соңына дейін, Кемел шағынауданындағы жұмыстар 2023 жылдың сәуір айында аяқталады», — деді мегаполис басшысы.

Оның айтуынша, бұл 4 мыңнан астам абонентті үздіксіз электрмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы жылдың соңына дейін Жетісу ауданындағы 6 көшеде жарық жүйесін жаңарту жұмыстары жүргізілетін болады.

Бірінші кезектегі жартылай жарық жүргізілмеген көшелерді жарықтандыру мақсатында осы жылдың соңына дейін Жетісу ауданындағы 76 көшеге сыртқы жарықтандыру желісін жүргізу жұмыстары аяқталады.

«Осы жылдың қыркүйек айында сіздермен кездескен кезде Құлагер шағын ауданындағы жылумен жабдықтау желілерінің 1,7 шақырымын реконструкциялау жұмыстарын тездету туралы мәселе көтерілді. Құлагердегі жылу желілерін реконструкциялау қазан айының соңында аяқталды. Құбырлар жер астына ауыстырылды, асфальт қалпына келтірілді, ескі жерүсті құбыры бөлшектеп алынып жатыр», — деді қала әкімі.

Ерболат Досаевтың сөзінше, Қазыбаев көшесі, Рысқұлов даңғылы, Тәтібеков көшесі, Райымбек даңғылы бөлігіндегі ұзындығы 57,9 шақырым сумен қамту желілерін реконструкциялау және канализация салу жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл ретте қазылған барлық көшелер биылғы қараша айының соңына дейін тиісінше қалпына келтірілетін болады.

Соңғы жаңалықтар

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz