Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматыда Kitap Fest Kids 2022 кітап фестивалі өтті

Қазақстандағы жалғыз кітап фестивалі Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен 2013 жылдан бері жылда өткізіліп келеді, деп хабарлайды Alataunews.kz

09.11.2022
Аймақ

«8 жыл ішінде Kitap Fest Kids Алматының кітап сүйер қауымы үшін ғана емес, барлық қазақстандықтар үшін сүйікті алаңға айналды. 2019 жылы біз фестивальді елордада өткіздік және жыл сайын шекарасын кеңейтіп, үздіксіз дамуға ұмтылып келеміз. Жақын арада кітап фестивалін еліміздің басқа қалалары мен өңірлерінде де өткізуді жоспарлап отырмыз, өйткені оған үлкен қызығушылық пен сұраныс бар», — деді Kitap Fest Kids кітап фестивалінің бас үйлестірушісі Майра Әлжанова.

10 сағаттық Kitap Fest Kids фестивалінің мәдени бағдарламасында фестиваль қонақтары әкелінген кітаптармен өзара алмасуға, ұнаған кітаптарды жеңілдікпен сатып алуға немесе оларды тегін алуға мүмкіндік алды. Биылғы кітап фестивалінде әр түрлі жанрдағы 3000-нан аса кітап тегін таратылды.

Фестивальде 30-ға жуық жазушылар олардың ішінде: Ақберен Елгезек, Гүлжан Амангелдіқызы, Досхан Жылқыбай, Мақсат Мәлік және басқа да көптеген авторлар өздерінің жаңа кітаптарын таныстырды. Қаламгерлер қазіргі әдебиеттегі өзгеріп жатқан тенденция туралы өз ойларымен бөлісті. «Офлайн кітаптар туралы» танымал балалар жазушылары және блогерлер қауымы өз тәжірибелерімен бөлісті. Кітап жәрмеңкесінде кітап дүкендері, баспагерлер және интернет-дүкендері өз өнімдерін көрмеде 20%-ға дейінгі жеңілдікпен сатты. Балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы аясында аниматорлар, театр қойылымдары, шеберлік сыныптары, аквагрим мен түрлі қызықты байқаулар келген қонақтарға тамаша көңіл-күй сыйлады.

 

1 of 8
- +

Сондай-ақ, фестивальде алғаш рет «Ауылға кітап» акциясы өтті, нәтижесінде 600-ге тарта кітап жиналды. Алдағы уақытта олар Қазақстанның ауылдық кітапханаларына тапсырылады.

Белгілі қазақстандық жазушы «18:47» кітабының авторы, «Алтын тобылғы» байқауының жеңімпазы Досхан Жылқыбай аталмыш кітап фестивалі шығармашылық кездесулер үшін беделді және қуатты алаңға айналғанын атап өтті.

«Бұндай шаралардың ұйымдастырылып тұрғаны өте жақсы. Әдетте, жазушылар өз аудиториясымен тек кітапханаларда немесе басқа да кішігірім жиындарда кездесіп жатады. Ал осындай кітап фестивалінде кез-келген кітапқа қызығатын адам сүйікті жазушыларымен тікелей жүздесіп, пікір алмасып кітабын алуға мүмкіндігі бар. Сондықтан мұндай шаралар авторлардың аудиториясын кеңейтеді деп ойлаймын», — деді жазушы.

Фестивальде «Мама, қазақша сөйлеші» орыс-қазақ сөздігінің және қазақ тіліндегі балаларды дамыту кітаптарының авторы Әсел Сапақова баланың тұлға ретінде дамуындағы әдебиеттің рөлі туралы айтып берді.

«Ұйымдастырушыларға осындай керемет іс-шара үшін алғыс айтқым келеді.Биыл фестивальде халық көп болды,біздің мақсатты аудиториямыздың көп бөлігі келді десек те болады. Барлық кітаптар дерлік сатылды. Осындай шаралардың өркендеуін және кітапсүйер қауымның қатары артсын деп тілеймін», — деп атап өтті жазушы.

Kitap Fest Kids фестивалі Алматыда 8 жыл қатарынан өткізіліп келеді. 2019 жылы ол алғаш рет бас қала Астанада өтті. Ұйымдастырушылар фестивальді Қазақстанның барлық ірі қалаларында өткізуді жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz