Байқауға редакцияның штаттық қызметкерлері және штаттан тыс авторлар немесе тілшілер, журналистер, баспасөз хатшылары, журналист-блогерлер қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мына аталымдар бойынша марапатталады:
— «Мерзімді баспа басылымдары арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта Жетісу облысына қатысты үздік мақала»;
— «Интернет ресурстарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта Жетісу облысына қатысты үздік мақала»;
— «Телеарналарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы Жетісу облысына қатысты үздік бейнесюжет»;
— «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта Жетісу облысына қатысты үздік журналистік зерттеу»;
— «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысын өңірлік деңгейде кеңінен жариялауы» (аудандық, қалалық БАҚ, интернет-ресурстар);
— «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша Жетісу облысының әлеуметтік желілеріндегі үздік жариялым» (әлеуметтік желілер).
Материалдарды байқаудың ұйымдастыру комитетінің 7su-smi@mail.ru электрондық поштасына немесе Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28, №1028 кабинетіне келіп, өткізу керек.