Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматыда креативті индустрия апталығы басталды

Мегаполисте Almaty Creative Week апталығы өтіп жатыр. Апталық 5 қарашаға дейін жалғасады.

02.11.2022
Аймақ

Оған 30 халықаралық ұйымнан 130 спикер қатысып жатыр.

Форумға Нидерланды, Франция, Италия, Германия, Ұлыбритания, Қырғызстан, Өзбекстан және т.б. елдердің креативті сегментінің ұйымдары мен білім беру және креативті хабтар тартылған.

Қала әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров Almaty Creative Week апталығының салтанатты ашылуында Алматыда креативті индустрияны дамытуға барлық қажетті ресурс барын атады. Айтуынша, бүгінде бұл сала бойынша қалада 22 мың кәсіпорын жұмыс істейді. 2021 жылдың қорытындысына сәйкес, креативті индустрия саласындағы шағын және орта бизнес субъектілері 5,4 млрд. теңге салық төлеген.

«Бүгінгі форум Алматы қаласы мен креативті қоғамдастықтың барлық өкілі үшін ашық сұхбаттасу, тәжірибе алмасу, креативті индустрияның сапалы әрі үдемелі дамуына қажетті жаңа бизнес үлгісін анықтау мүмкіндік береді. Біздің даму бағытымыз сәулет, дизайн және заманауи өнер, музыка, кино және анимация, сән және қолөнер, жаңа медиа және цифрлық мәдениет, киберспорт және гейм-девелопмент саласында өрбитін болады»,– деді Әлішер Әбдіқадыров.

Сонымен қатар, ол креативті индустрияны тиімді дамыту мақсатында Алматыда тиісті инфрақұрылым қалыптастыру, кәсіпкерлікті ынталандыру,  бұл саладағы білім, дағды және құзыретті кеңейту бойынша шаралар қабылданатынын айтты.

Алдағы уақытта Алматыда 3 креативті хаб, IT хаб, қалалық венчурлық қор және халықаралық деңгейде екі бейне және дыбыс жазу студиясын ашу жоспарланып отыр. 2030 жылға қарай креативті индустрия саласын кешенді дамыту Алматының жалпы өңірлік өніміндегі креативті индустрия үлесін 5%-ға дейін жеткізіп, креативті индустрия экспортының қызметін 500 млн. АҚШ долларына дейін арттырып, оны экономикалық маңызды салаға айналдыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаевтың айтуынша, қазір креативті индустриямен байланысты өзгерістер мен толықтырулар Кәсіпкерлік кодексіне және «Мәдениет туралы» Заңға енгізіліп жатыр.

Айта кетейік, 1-5 қараша аралығында Алматыда креативті индустрия апталығы өтіп жатыр. Оның аясында көрмелер, перфоманстар, шеберлік сыныптары және көптеген басқа да іс-шара ұйымдастырылады. Бұған қоса, Тимур Бекмамбетовтың «ПРОФИЛЬ» фильмінің премьералық көрсетілімі, сонымен бірге, Алматы қаласы мен Алматы облысы тұрғындарының арасында Dota 2 түрінде Almaty Creative Week Esports Cup 2022 киберспорт турнирі өтеді.

Соңғы жаңалықтар

Іле ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
14.05.2026

Алматы облысында дәрі-дәрмек өндірісіне 39 млрд теңге инвестиция салынады

Қорлан Нұрланқызы
14.05.2026

Алматы облысында жылына 200 тонна балық өндіретін жаңа кешен іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
14.05.2026

Алматы облысы экспортқа бағытталған өндіріс орталығына айналып келеді

Қорлан Нұрланқызы
14.05.2026

Марат Сұлтанғазиев: «Алматы облысында туризм экономиканың жаңа драйверіне айналуы тиіс»

Қорлан Нұрланқызы
14.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz