Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаев қаласында «Заң керуені» науқаны өтіп жатыр

Ауқымды шараның ұйымдастырылуына облыстық прокуратура мұрындық болды.

02.11.2022
Аймақ

«Бұл шараның басты мақсаты — «еститін мемлекет» тұжырамдамасы аясында халықпен тығыз қарым-қатынас орнату. Бүгінгі науқанға облыстық басқармалардың, Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің, қалалық прокуратураның, басқа да құзіретті органдардың мамандары қатысып отыр», — деді облыс прокурорының көмекшісі Мақсат Абиров.

Оның айтуынша, осы уақытқа дейін бұл акция Іле, Талғар, Қарасай, Жамбыл аудандарында өткізілді. Бүгін науқан көші Қонаев қаласына келді. Ертең Еңбекшіқазақ ауданы орталығында ұйымдастырылады. Осылайша облыстың 10 ауданы түгел қамтылады.

«Шара барысында тұрғындардың кез келген сұрақтары қарастырылып, жауап беріледі. Мысалы, бұған дейін өткен кездесулер нәтижесінде 150-ге жуық адамның шағымы тыңдалып, оның 50-нен жазбаша арыз қабылданды», — деді прокурор көмекшісі.

Сондай-ақ ол жақында қолданысқа енген облыстық прокуратураның QR-коды туралы сөз қозғады.

«Біздің Instagram парақшамызда QR-кодтар орналастырылды. Бұл арқылы жұртшылық кез келген жерде, кез келген уақытта прокуратураға шағым түсіре алады», — деді Мақсат Абиров.

Айта кетейік, акция шаһардағы орта мектеп-гимназиясының акт залында кешкі 17.00-ге дейін жалғасады. Мекенжайы: 4 ш/а, 61/2 үйі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Соңғы жаңалықтар

Халықаралық жастар күні: жастар – ел болашағының берік негізі

Қорлан Нұрланқызы
13.08.2026

Қырағылық – киберқылмысқа қарсы қорған

Диана Ахметова
13.08.2026

Жол мәдениеті – адам өмірінің кепілі

Диана Ахметова
13.08.2026

Экологиялық мәдениет – өркениет өлшемі

Диана Ахметова
13.08.2026

Құқықтық қоғам – жарқын болашақ кепілі

Диана Ахметова
13.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz