Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Еңкейген кәрі, еңбектеген бала суыққа тоңып отыр»: «Казахстрой» компаниясы салған үйлерден шу шықты

Алматы қаласының Наурызбай батыр ауданында "Казахстрой" компаниясы салған көпқабатты үйлерден шу шықты. Әрқайсысында 90 пәтері бар 28 көпқабатты үйге әлі күнге жылу берілмеген, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

31.10.2022
Аймақ

«Alma city» деп айдар тағып заманауи жобамен салынған жаңа үйлер қыркүйек айының басында пайдалануға берілген. Суы да, жарығы да, жылуы да керемет деп уәде берген үйлерде қазіргі күні тұрғындар қалшылдап тоңып отыр.

«Төрт балам бар. Ең кішкентайым бір жасқа да толған жоқ. Үй суық. Әбден тоздық. Күні-түні көрпеге орап тастаймын», — дейді тұрғын Бота Ілесбек.

«Екі аптадан соң босанамын. Жаңа сатып алған баспанамыз өте суық. Амалсыздан 150 мыңға пәтер жалдап тұрып жүрміз. Суық үйімізге айына 150 мың, пәтерге 150 мың теңге төлеймін», — дейді тұрғын Ажар Жүнісбекова.

Тұрғындар ереуілге шыққанын естіп, Алматы қаласы Наурызбай ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық маманы мен «Казахстрой» компаниясының атқарушы директоры келді. Алайда, тұрғындармен арадағы жанжал ушықпаса азаймады.

«Әкім қайда? Жоқ. Келмейді де мұндай жерге. Қаншама рет айтып келеміз. Бұлар әне береміз жылуды, міне береміз деп бізді алдап келеді. Қаншама жылыту құралдарын сатып алдық. Электр жарығының ақшасы көбейіп кетті. Соның шығынын өтеп берсін», — дейді «Alma city» тұрғыны Камшат Саматова.

«Жылу мәселесі шешілмей тұрғындар неге қоныстанды?» деген сұрағымызға мамандар мардымды жауап бермеді.

«Үйді беру мерзімі келді. Су, электр жарығы, кәріз жұмыстары түгел бітті. Техникалық құжат дайын болғандықтан тұрғындарды кіргіздік. Бірақ жылу болған жоқ. Бұл мәселені кешенді шешу керек. Үйді пайдалануға бергенде жылу мәселесін шешіп үлгермедік. Қазір барынша проблеманы қалпына келтіруге тырысамыз», — дейді «Казахстрой» компаниясының атқарушы директоры Болат Ибрагимұлы.

«Жауапты мамандар бірінші көпқабатты үйден бастап жылу береміз, түнге дейін барлық ғимарат жылумен қамтылады» деп тұрғындарға уәде берді. Қазіргі күні 28 үйге төменгі температурада жылу біртіндеп беріліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Тоқаев Қатар Әмірімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Әуе кеңістігі жабылды: БАӘ-де қалған қазақстандықтарға елшілік үндеу жасады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Мемлекет басшысы Алғыс айту күнімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz