Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы: «Oceanman Kazakhstan» франшизасымен Меморандум жасалды

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев пен «Oceanman Kazakhstan» франшизасының иесі Ералы Оралов Қапшағай су қоймасында спорт додасын екінші рет өткізу туралы Меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

28.10.2022
Аймақ
Фото пресс-службы акимата Алматинской области

Фото пресс-службы акимата Алматинской области

Екіжақты кездесу барысында өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев биылғы өткен шараның қазақстандықтар мен туристер үшін үлкен қызығушылық тудырғанын атап өтті.
«Ашық суда жүзуден спорт жарысының өтуі — шомылу маусымының басты оқиғасы болды. Қонаев қаласы екі күн бойы бағы мен бабын қатар сынаған спортшылардың ауқымды орталығына айналды», — деді облыс әкімі.

Өз кезегінде франшиза иесі Ералы Оралов келесі маусымда додаға 1800-ге жуық спортшы қатысатыны, олардың 4 санат бойынша бәсекелесетіні жайлы мәлімдеді.
«Біз қазақстандықтардың халықаралық деңгейдегі спорттық шараларға сұранысы өте жоғары екенін байқадық. Тіркеу аяқталғаннан кейін біздің алғашқы сайысымызға қатысуға ниет білдірушілердің біз ойлағаннан әлдеқайда көп екені анықталды», — деді Ералы Оралов.

Кездесу соңында «Oceanman Kazakhstan» сайысы 2023 жылдың 1-2 шілдесінде өтетіні айтылды.

Жарысқа қолдау білдірушілер:
• ҚР Мәдениет және спорт министрлігі
• «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы
• Алматы облысы әкімдігі.

Бас серіктестер:

• «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
• «Sport Qory» туризм және спорт саласын қолдау қоры.

Ал жобаның бас демеушісі — «Freedom Holding Corp» инвестициялық тобы.

Айта кетейік, 2022 жылдың шілдесінде Қонаев қаласында «Oceanman Kazakhstan» жарысы өтті. Бұл додаға 7 елден 1200 қатысушы тіркелді.

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Тоқаев Қатар Әмірімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Әуе кеңістігі жабылды: БАӘ-де қалған қазақстандықтарға елшілік үндеу жасады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Мемлекет басшысы Алғыс айту күнімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz