Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында күнде 100-ге жуық нәресте дүниеге келеді

Қазіргі уақытта өңір халқының жалпы саны бір жарым миллионнан асты. Туу көрсеткішіне аналарды әлеуметтік жағынан қолдау да оң әсер етіп отыр, деп хабарлайды Alataunews.kz.

27.10.2022
Аймақ

Мира Садықова көпбалалы ана. Қазір алтыншысына аяғы ауыр. Отбасымен екі бөлмелі пәтерде тұрады. Президенттің бала күтіміне берілетін әлеуметтік жәрдемінің тағы алты айға ұзартылғанын біледі. Мерзімімен бірге көлемі де артса деген үмітте.

«Бір жасқа дейін алатынбыз. Ұлғайтыпты. Ол балаға кәдімгідей көмек қой. Мемлекет тарапынан көпбалалы ана ретінде әр балаға он сегіз жасқа дейін пасобия аламын», – деді қала тұрғыны Мира Садықова.

Облыстық жұмыспен қамту басқармасының мәліметінше өңірде 44 мыңнан астам ана бала күтіміне берілетін мемлекеттік жәрдемақы алады.

«Жәрдемақы төлеу мерзімі ұзарып отыр және бұрын мұндай кезде адам жұмысқа шығып кетсе бір жылдан кейін жәрдемақысы тоқтатылатын. 23 жылдың бірінші қаңтарынан бастап жұмыс істесе де, істмесе де бала күтіміне қатысты ақы алып отырады», – дейді облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Айгүл Ахметова.

Айта кету керек, жыл басынан бері Алматы облысында жиырма мың нәресте дүниеге келген. Бұл республика бойынша жоғарғы көрсеткіш саналады.

Соңғы жаңалықтар

15 мамырда Алматы облысында қатты жел соғады

Қорлан Нұрланқызы
15.05.2026

Шамалған ауылында жеке үйдің ауласынан жылан табылды

Қорлан Нұрланқызы
15.05.2026

Алматы облысында жасөспірім жүргізуші 12 жастағы баланы қағып кетті

Қорлан Нұрланқызы
15.05.2026

Алматы облысында қоқысты қайта өңдеу саласына 148 млрд теңгеден астам инвестиция тартылады

Қорлан Нұрланқызы
15.05.2026

Іле ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
14.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz