Шараға шаһар басшысы Нұрлан Құматаев, қалалық бөлім басшылары мен қызметкерлер, серіктестік өкілдері, түрлі мекеме мамандары қатысты.
Жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтаған қала әкімі қалада қызмет ететін 19 адамды марапаттады.

1. Алматы облысы әкімінің Құрмет грамотасымен:
• Қонаев қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Асқар Ибраимов
• «Қонаев тұрғын үй» ЖШС директорының орынбасары Қанат Қалиев
2. Алматы облысы мәслихаты хатшысының грамотасымен:
• Қалалық тіркеу және жер кадастры бөлімінің маманы Айгүл Оразқызы
• «Қапшағай жылу желілерінің» меңгерушісі Жәнібек Түйтеков
• «Корпорация ВЕК» ЖШС директоры Юрий Ли
3. Қонаев қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен:
• Қалалық аурухананың көз дәрігері Жанар Картекова
• «Қапшағай жылу желілері» директоры Ерлан Нұрекін
• Қалалық «Қазпошта» АҚ-ның бас маманы Бақыткүл Қоңырбекқызы
• «Қонаев Су арнасы» мекемесінің экскаватор машинисі Мамыт Қасымбеков
• Қалалық мұрағат бөлімінің директоры Айман Базарқұлова
• Қалалық тіркеу және жер кадастры бөлімінің маманы Әсел Тоқсанбаева
• «Қонаев Тұрғын үй» ЖШС қызметкері Асқар Рысбеков
• Заречный ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Арайлым Мустина
• «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС директоры Рысқали Молдахметов
• «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС бас маманы Талғат Тілеуленов
• Қалалық автобус жүргізушілері Рустам Құлматов және Юрий Старовой
• «Қапшағай жылу желілері» мекемесінің есепшісі Бақытгүл Максаламова
• Қалалық тіркеу және жер кадастры бөлімінің маманы Гүлбаршын Ғалымжанова
Салтанатты шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.






