Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында әскери қызметші Республика күніне ультрамарафон арнады

Еліміздің басты мерекесін Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институты «Әли» оқу-жаттығу орталығын қамтамасыз ету ротасының жауынгерлік көлігінің командирі 3-сыныпты сержант Рауан Әбілханов ерекше атап өтуге шешім қабылдады.

25.10.2022
Аймақ


Әскери қызметші «Әли» оқу-жаттығу орталығынан – Алматы облысының Шелек ауылы бағыты бойынша 48 сағат ішінде 350 шақырым жүгіремін деп шешкен. Осы уақыттың ішіне оның тынығып, демалуы да кіреді.

«3-сыныпты сержант Рауан Әбілханов алдына мақсат қойды. Табандылық пен жеңіске деген ерік-жігердің арқасында ол рекорд орнататынына сенімдімін. Құрлық әскерлері әскери институтының жеке құрамы үшін Рауан мақсатқа жетуге деген сенім мен ерік-жігердің үлгісі. Нағыз жауынгер осындай болуы керек. Оған сәттілік тілейміз», – деді спортшыға Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы генерал-майор Жұмабек Ахметов.

Рауан Әбілхановтың жеңіл атлетикамен айналысқанына 10 жылдан асты. Ол – Алматыда және Қарулы күштерде өткен марафондардың жеңімпазы. Жауынгерлік дайындық пен үлгілі әскери тәртіптегі жоғары көрсеткіштері үшін көптеген марапаттарға ие.

Марафон қашықтығы бағытында спортшыға әскери институт дәрігерлерінің бригадасы, достары, әріптестері және Қазақстанның Рекордтар кітабының өкілдері ілеседі.

«Рауан Әбілханов әрқашан алға қойылған міндеттерге үлкен жауапкершілікпен қарайды. Ол адамдармен ынтымақта жұмыс істей біледі. Рауан жоғары шенді болмаса да, өз кәсібінің көшбасшысы. Ол жаңа жетістікке деген ұмтылысымен, болашаққа деген сенімімен және табандылығымен ерекше. Біз оның жетістігіне және алға қойған мақсатына жететініне сенеміз», – деді «Әли» оқу-жаттығу орталығының бастығы майор Болат Садыров. 

Әскери қызметшінің бұл бастамасын жанұясы да қолдайды. Әбілхановтар алты қыз бен ұл тәрбиелеп, жуырда тағы бір нәресте күтіп отырған үлгілі отбасы.

Соңғы жаңалықтар

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Әуе кеңістігі жабылды: БАӘ-де қалған қазақстандықтарға елшілік үндеу жасады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz