Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Талғар ауданында «Елге қызмет — ортақ міндет» атты басқосу өтті

Маңызы зор бұл дөңгелек үстел ауданның Жаңалық ауылындағы «Саяси қуғын-сүргін құрбандары» музейінде өтті. Аталған шараға тарихшылар, филологтар, облыстық Тіл басқармасының өкілдері, аудан әкімдігінің қызметкерлері қатысты.

22.10.2022
Аймақ

Жиында «Республика күнінің» тарихи маңызы, егемендік алу жолындағы қиындықтар мен жаңа Қазақстанның келешегі секілді ауқымды мәселелер талқыға салынды.

«1990 жылдың 25 қазан күні Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл құжат іс жүзінде еліміздің тәуелсіздігіне алан-ашық жол салып берді», — деді тарих ғылымдарының докторы Бейбіт Қойшыбаев.

1990 жылдардың қиындығын бастан кешірген академик Ханкелді Әбжановтың айтуынша, Декларацияда қазақ ұлтының мүддесі қарастырылған. Сол кездегі 361 депутаттың 71-і құжаттың мазмұнына қарсы шыққан.

«Сол құжатта «Қазақ мемлекеті», «қазақ жері», «қазақ ұлты», «қазақ тілі» деген мәселелер Ұлттық мүдде тұрғысынан қарастырылды. Бұған қарсы шыққан депутаттарға тосқауыл бола білген азаматтар да табыла кетті. Олар Ұлттық мүддені жан-жақты зерттеп, әлемдік мысалды алға тарта отырып, жоғарыдағы аталған сөздердің басқа біреуге қарсы шығу емес екенін, керісінше, тарихи ақиқатты, әділеттілікті сөз ету екенін дәлелдеді», — деді Ханкелді Әбжанов.

Шара соңында Тұздыбастау ауылының жастары өлең оқып, үлкендерден бата алды.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Халық Кеңесі қандай орган болады? Министр түсіндірді

Қорлан Нұрланқызы
15.05.2026

15 мамырда Алматы облысында қатты жел соғады

Қорлан Нұрланқызы
15.05.2026

Шамалған ауылында жеке үйдің ауласынан жылан табылды

Қорлан Нұрланқызы
15.05.2026

Алматы облысында жасөспірім жүргізуші 12 жастағы баланы қағып кетті

Қорлан Нұрланқызы
15.05.2026

Алматы облысында қоқысты қайта өңдеу саласына 148 млрд теңгеден астам инвестиция тартылады

Қорлан Нұрланқызы
15.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz