Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында «Алатау жастары» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы басталады

Алматы облысының әкімдігі мен «Отбасы банк» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) жаңа тұрғын үй бағдарламасын бастады. Жоба 35 жасқа дейінгі облыс тұрғындарына жеке баспана сатып алу үшін жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

22.10.2022
Аймақ

«Алатау жастары» бағдарламасының шарттары бойынша қатысушылардың Алматы облысындағы ресми жұмыс өтілі бір жылдан кем болмауы тиіс. Оны міндетті түрде зейнетақы жарналарының тұрақты түсімі көрсетілген құжатпен растау қажет.

Сондай-ақ өтініш берушінің Алматы облысында кемінде бір жылдық мерзімі бар тұрақты тіркеуі болуы керек. Тағы бір шарт – бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің соңғы 5 жылда аттарына тіркелген жылжымайтын мүлік болмауы тиіс.

Бүгін Алматы облысы әкімінің орынбасары Ләззат Тұрлашов пен «Отбасы банктің» өңірдегі филиал директоры Ғалымжан Шалғымбаев «Алатау жастары» бағдарламасын бастау туралы келісімге қол қойды.

«Алматы облысы осындай бағдарламаларды бізден бұрын іске асырған Алматы, Астана, Қарағанды, Жамбыл және Қостанай облыстарының оңтайлы тәжірибесін үлгі ретінде алды. Бірінші кезеңде облыс әкімдігі жаңа жобаға 600 млн теңге бөліп отыр. Ал «Отбасы банк» өз кезегінде бұл қаражатқа жеңілдетілген несие беруге көмектеседі. Осындай қолдаудың арқасында облыс тұрғындары биылдың өзінде алғашқы қоныс тойын тойлайтын болады», — деді Ғалымжан Шалғымбаев.

Бағдарламаға қатысуға өтінімдер 2022 жылдың 1 қарашасынан бастап, бір ай бойы қабылданады. Өтінімді облыс әкімдігінің Ішкі саясат басқармасына беру қажет.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін әкімдіктен арнайы құрылған комиссия жиналған ұпайлар бойынша іріктеу өткізеді. Оның барысында некеде болған жылдар саны, балаларының болуы, жұмыс тәжірибесі, мамандығы және қызмет саласы негізге алынады.

Кейін қатысушылардың тізімі жасалып, Отбасы банкіне жіберіледі. Қатысушылар банкте төлем қабілеттілігін бағалатып, өз бетімен баспана табады. Оны сатып алуға банк 10 млн теңге несие береді. Егер мүліктің құны 10 млн теңгеден асатын болса, үміткер айырмашылықты өз қаражаты есебінен төлей алады.

Егер отбасы жаңа тұрғын үй (пайдалануға берілген болуы тиіс) сатып алса, онда алғашқы жарна 0% болады. Егер екінші нарықтан алынған баспана болса (пәтер немесе жеке үй), онда алғашқы жарна 10% құрайтын болады.

Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 5% тең (ЖТСМ 5,2%). Несиенің максималды мерзімі – 19 жыл.

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz