Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында 3 жасар қыз ауруханада көз жұмды

Алматы облысының прокуратурасы 3-жасар қыздың өліміне қатысты тергеу бастады. Айя Әділбекова қазанның 6-нан 7-не қараған түнде көз жұмған. Аймақтық клиникалық аурухананың дәрігерлері гемморрагиялық инсульт диагнозын қойған. Алайда туыстары баланың өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі Almaty.tv телеарнасына сілтеме жасап.

22.10.2022
Аймақ

Анасы Әсел Даниярованың айтуынша, кішкентай Айя би билеп, ән айтқанды жақсы көрген екен. Жүрек ақауына қарамастан, ол көңілді болған, жақсы өсіп келе жатқан.

Әсел Даниярова 4 қазан қызының қызуы аяқ-асты көтеріліп Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасына жеткізілгенін, дәрігерлер баланы қараудың орнына үш күн кабинеттердің арасында сабылтып қойғанын айтады. Кейін Іле ауданына қарасты Өтеген батыр кентіндегі ауруханаға апарыпты. Қыз сол күні көз жұмған. Алайда арызданушы баласының өліміне алғашқы медициналық көмек көрсеткен Еңбекшіқазақ аудандық аурухана мамандарын кінәлап отыр.

«Келген кезде менен сараптама алған жоқ. Мына карта әлі менің қолымда, медициналық картаны ашып қараған жоқ. Осыны ашып қарағанда қызымды аман алып қалуға болар ма еді? Кінәларын мойындап тұр. Үндемейді. Жауаптарын өздеріңіз көріп тұрсыздар», – деді Есік қаласының тұрғыны Әсел Даниярова.

Әйел қызымен үйге оралған соң жағдайы одан әрі нашарлап, буындары ісіне бастағанын айтады. Ақ халаттылар рентгенография жүргізіп, сүйек зақымын анықтамаған.

«6 қазанда қызыммен бірге келдім. Сол кезде ғана сараптама жүргізіп, қанында тромбоциттердің 80-ге дейін төмендеп кеткенін анықтады. Негізі 160-180 аралығында болуы керек. Жедел жәрдемді күтсін, Өтеген батыр ауылына алып барамыз деді. Сол түні қызымнан айырылып қалдым», — деді Әсел Даниярова.

Тұрғын осы күнге дейін дәрігерлерден мардымды жауап ала алмағанын мәлімдеді.

«Анасы мен қызы бізге қабылдау бөліміне қаралған, түскені рас. Үш рет келіп қабылдау бөліміне түсті. Қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Одан кейін қорытындысын айтамыз», — деді Еңбекшіқазақ аудандық орталық ауруханасы директорының орынбасары Әлия Омарбекова.

Ал қызын қараған медициналық қызметкерлер қазір жұмыстан шеттетілген. Мән-жайды аудандық прокуратура бақылауға алыпты.

«Біз сол арызды Алматы облыстық Медициналық фармацевтикалық бақылау департаментіне жолдадық. Мемлекеттік органмен тексеру жүргізіліп жатыр. Прокуратура органдарының қатаң бақылауында. Егер медициналық қызметкерлердің салғырттығы дәлелденсе ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес қатаң жазаға тартылады. Бес жылға дейін сотталуы мүмкін», — деді Еңбекшіқазақ ауданы прокуратурасының аға прокуроры Медет Қабылқайыров.

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz