Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жетігенде жылына 10 мың тонна құс етін өндіретін фабрика ашылды

Бүгін "Республика күні" мерекесі қарсаңында Іле ауданы Жетіген ауылында құс фабрикасы ашылды, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

21.10.2022
Аймақ

Зауыттың салтанатты ашылу шарасына Алматы облысы әкімінің орынбасары Рауан Рахымбеков, аудан әкімі Бағдат Қарасаев, «Nauryz agro KZ» ЖШС директоры Наим Турдиев, зауыт қызметкерлері, ауыл тұрғындары қатысты.

«Бұл фабриканың құрылтайшысы — «Nauryz agro KZ» ЖШС. Өндіріс ошағының салынуына 6,8 миллиард теңге инвестиция тартылды. Қуаттылығы жылына 10 мың тонна құс етін өндіруге жетеді. Зауыт бельгиялық алдыңғы қатарлы жабдықтармен қамтамасыз етілген, сәйкесінше, бар жұмыс автоматтандырылған», — деді аудан әкімі.

Фото: Alataunews.kz/Ақерке Жұмағазықызы

Ал серіктестік басшысы Наим Турдиевтің айтуынша, «Nauryz agro KZ» ЖШС халықтың сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстап отыр.

Фото: Alataunews.kz/Ақерке Жұмағазықызы

«Біз тек бизнеспен айналысып, пайда көріп қана қоймай, тұрғындар әл-ауқатының жақсаруына үлес қосуды көздеп отырмыз. Қазіргі таңда 380 адам жұмыспен қамтылды», — деді Наим Турдиев.

Шара соңында жиынға жиналғандар зауыттың әкімшілік кеңсесін аралады.

Фото: Alataunews.kz/Ақерке Жұмағазықызы
Фото: Alataunews.kz/Ақерке Жұмағазықызы
Фото: Alataunews.kz/Ақерке Жұмағазықызы
Фото: Alataunews.kz/Ақерке Жұмағазықызы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында тозығы жеткен 22 үй сүріледі: тұрғындар қайда көшіріледі?

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Қонаевта «Қазақстан – Дания» бизнес-форумы өтті

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Алматы облысында 344 млн долларға салынған ірі сусын өндіретін зауыт ашылды

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Қонаевта жасанды интеллектіні меңгерген үздік педагогтер марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Құқықтық тәртіп және қоғамдық тұрақтылық

Акжаркын
01.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz