Жемқорлық картасында өңірдің әлеуметтік тұрақтылығына әсер ететін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың атына халық тарапынан қоғамдық резонанс пен сын көп түсетін 3 сала айқындалды.
«Облыста жер қатынастары саласындағы алдын ала деректер бойынша Алматы облысының ауыл шаруашылығы жерлерінің нысаналы мақсатына заңсыз өзгеріс және оларды сегменттеу белгіленді. Денсаулық сақтау жүйесі бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалары шеңберінде медицина мекемелерінің шарт міндеттемелерін орындамауы байқалады.Бұл медицина қызметтері сапасының төмендеуіне әкеледі. Білім беру саласында тиісті бақылаудың болмауына байланысты мектептердегі алымдарға шағымдар жиілеп кетті. Жыл басынан бері агенттіктің Call-орталығына Алматы облысы бойынша осындай 40-қа жуық өтініш келіп түсті», – деді мекеме басшысының бірінші орынбасары Нұрсұлтан Бекінов.
Еске салсақ, өңірде жыл басынан бері 100-ге жуық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық тіркелді. 65 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 13 түрлі дәрежелі басшылар.





