Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Тоқаев: Жетісу облысында Абайға арналған бірде-бір лайықты ескерткіш жоқ, бұл – ұят нәрсе

Жетісу облысында Абайға арналған бірде-бір лайықты ескерткіш жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облыс жұртшылығымен кездесуінде бұл ұят нәрсе екенін айтты.

20.10.2022
Аймақ

«Мен тағы бір мәселеге арнайы тоқталғым келіп отыр. Бүгінде ұлы Абайдың кесенесі – еліміздегі ең танымал нысанның бірі. Алайда, Жетісу облысында Абайға арналған бірде-бір лайықты ескерткіш жоқ. Бұл – ұят нәрсе, үлкен олқылық. Оны түзету керек», — деді Президент.

Мемлекет басшысы Шоқан Уәлихановты әлемдік деңгейде дәріптеуіміз керектігіне назар аударды.

«Алтынемелде қазақтың әйгілі ғалымы Шоқан Уәлихановтың мәңгілік мекені бар екені барша жұртқа белгілі. Шаңқанай ауылында оның ескерткіші, мұражайы бар. Жергілікті жұрт қазақтың ұлы перзенті жерленген жерді қараусыз қалдырмаған. Бірақ, бұл жеткіліксіз. Біз Шоқанды әлемдік деңгейде дәріптеуіміз керек. Жалпы, біз ұлы перзенттерімізді құрметтей білуіміз керек. Мұндай тарихи орындар туралы үнемі айтып, ұрпаққа таныстырып отыру қажет», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы тағдырдың жазуымен жат жерде қалған ұлы бабаларды ұмыт қалдырмау қажеттігіне тоқталды.

«Осы тақырыптан туындайтын тағы бір мәселе бар. Ел тарихында ерекше орын алатын көптеген тұлғаларымыз шетелде жерленген. Ұлтымыздың ұлы перзенттері Әл-Фараби және Бейбарыс сұлтан Сирияның Шам шаһарында жатыр. Қазақтың әйгілі үш биінің екеуі – Төле би мен Әйтеке бидің зираты – Өзбекстанда. Құрманғазы мен Бөкей ханның кесенесі Ресей жерінде. Жат жерден топырақ бұйырған басқа да көптеген тарихи тұлғаларымыз бар. Әрине, олардың бәрінің сүйегін елге алып келу мүмкін емес. Ондай мақсат та жоқ. Бірақ, тағдырдың жазуымен жат жерде қалған ұлы бабаларды ұмыт қалдырмау – біздің азаматтық парызымыз», — деді Президент.

Тегтер: Жетісу облысыТалдықорған

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz