Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Тоқаев еліміздегі литийдің ірі қоры туралы айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу өңірінің жұртшылығымен кездесуі барысында Қазақстанның жер қойнауында литийдің мол қоры барын мәлім етті.

20.10.2022
Аймақ

«Біздің жер қойнауымызда әртүрлі бағалаулар бойынша 50-ден 100 мың тоннаға дейін литий бар. Бұл үлкен қор. Барлау мен игеруге елеулі инвестициялар қажет. Геологиялық қызмет осы бағыттағы жұмысты жандандыруы керек», – деді Президент.

Мемлекет басшысы өңірдің өнеркәсіп секторының өсу қарқыны жақсы екенін айтты. Жыл басынан бері 23 нысан пайдалануға берілген. Президент бірнеше жыл бойы жұмыс істемей тұрған «Kazsilicon» жоғары сапалы кремний өндіретін зауытты жаңғырту мен іске қосуды және «Электромарганец» темірін тікелей қалпына келтіру зауытының құрылысын ерекше атап өтті.

«Екі кәсіпорын да еліміз үшін маңызды. Олар металлургия саласындағы озық технологияларды дамыту және тарату алаңына айналуы тиіс. Бұдан басқа, облыста 2026 жылға дейін 7 мыңнан аса жұмыс орнын құрумен 162 жобаны қамтитын инвестициялық портфель қалыптастырылды», – деді Тоқаев.

Тегтер: Жетісу облысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz