Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Елімізде қоғамдық бақылауды күшейту қажет

ҚР Президенті Қазақстандағы қоғамдық кеңес проблемасы жайында Қонаев қаласындағы жиын уағында айтты, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

19.10.2022
Аймақ

«Біз Президенттік басқару үлгісін ұстанамыз. Парламенттің рөлін арттыра түсеміз. Осы орайда, мен мына мәселеге ерекше назар аударғым келеді. Елімізде қоғамдық бақылауды барынша күшейту қажет. Бүгінде еліміз бойынша 256 қоғамдық кеңес бар. Былтыр «Қоғамдық кеңестер туралы» заңға өзгерістер енгізілді. Олардың құзыры едәуір кеңейді. Мен осы салаға азаматтық қоғам өкілдерін көптеп тартуды тапсырдым. Қазір олардың үлесі 86 пайызға жетті», — деді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, қоғамдық кеңестер халық пен биліктің арасындағы дәнекерге айналуға тиіс. Келісім болса, кез-келген мәселенің шешімі табылады. Сондықтан, халықтың өкілі ретінде белсене жұмыс істеу қажет.

«Тұрғындар өздеріңіз арқылы мемлекет басқару ісіне қатысады. Қоғамдық бақылауды жүзеге асырады. Бюджет қаражатының қалай жұмсалып жатқанын қадағалайды. Өзекті мәселелерді билік органдарына жеткізеді. Осылайша, қоғамдық кеңес елге мемлекет саясатын түсіндіреді. Бір сөзбен айтқанда, қоғамдық кеңестерге зор жауапкершілік жүктеліп отыр», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының ақпаратына сүйенсек, осы кеңестердің ел ішіндегі беделін арттыруға баса мән беру керек. Оның мүшелері түйткілді мәселелерді батыл көтеріп, оны шешу жолдарын ұсынуы қажет. Тұрғындардың талап-тілегіне әрдайым құлақ асып отырған жөн. Жұрт сонда ғана қоғамдық кеңеске сенім артып, қолдау көрсетеді. Халық өз пікірін билікке келелі кеңестер арқылы жеткізуі керек. Сондықтан мемлекеттік органдармен бірлесіп, үйлесімді жұмыс жасау қажет.

Айта кетейік, биыл Ұлттық құрылтай құрылды. Оған әрбір өңірдің қоғамдық кеңесінен бір өкіл мүшелікке алынды.

Тегтер: Қасым-Жомарт Тоқаевмемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz