Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысындағы үшауысымды мектептер мәселесін шұғыл шешу қажет — Тоқаев

Алматы облысының жұртшылығымен кездескен Мемлекет басшысы аймақтағы бірқатар мәселелер туралы сөз етті, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

19.10.2022
Аймақ

«Ұлт болашағы ұрпақтың білімді болуына байланысты. Мен білім саласына, оның ішінде әрбір өңірдегі мектептердің жай-күйіне айрықша мән беріп отырмын. Алматы облысында үш ауысыммен оқытатын мектеп мәселесі әлі шешімін таппай келеді. Аймақта осындай 52 мектеп бар. Небәрі 30 мың оқушыға есептелген мектептерде 90 мыңға жуық бала оқып жатыр. Бұл мәселені шұғыл шешу қажет», — деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысының сөзіне сүйенсек, осы жұмысқа мемлекет және жекеменшік серіктестігі арқылы бизнес өкілдерін тартқан жөн.

«Өңірде осындай игілікті іске атсалысуға дайын кәсіпкерлер бар деп ойлаймын. Менің тапсырмам бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен облыста 39 мектеп салынады. Бұдан бөлек, Қонаевта дарынды балаларға арналған лицей және интернат ашу қажет. Тағы да қайталап айтамын. Мектеп салу және оны жаңғырту – әкімдердің жұмысындағы негізгі көрсеткіштердің бірі», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тегтер: Қасым-Жомарт Тоқаевмемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында тозығы жеткен 22 үй сүріледі: тұрғындар қайда көшіріледі?

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Қонаевта «Қазақстан – Дания» бизнес-форумы өтті

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Алматы облысында 344 млн долларға салынған ірі сусын өндіретін зауыт ашылды

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Қонаевта жасанды интеллектіні меңгерген үздік педагогтер марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Құқықтық тәртіп және қоғамдық тұрақтылық

Акжаркын
01.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz