Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы: дін саласына қатысты меморандум қабылданды

Облыстық дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы мен «Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл Академиясы» арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум қабылданды, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

18.10.2022
Аймақ
Фото: Дін істері басқармасынан

Фото: Дін істері басқармасынан

Бұл шара Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбарак» университетінің қабырғасында өтті. Маңызды құжатқа зерттеу орталығының директоры Сағыныш Жаңабай мен «Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясының» директоры Тимур Нүсіпханұлы қол қойды.

Фото: Дін істері басқармасынан

«Биыл 29 қыркүйекте «Нұр-Мүбарак» университетінің жанындағы діни экстремизмге қарсы орталық академияға айналды. Көп ұзамай, біз олармен ортақ мәмілеге келдік», — деді зерттеу орталығының директоры Сағыныш Жаңабай.

Фото: Дін істері басқармасынан

Оның айтуынша, аталған құжат бірнеше мақсатты көздейді:

• діни экстремизм және терроризмге қарсы бағытталған іс-шараларды өткізу (брифингтер, тренингтер, аудан, ауыл, қала тұрғындарымен кездесу ж/е т.б);
• өзара тәжірибе алмасу;
• ғаламтор кеңістігіндегі деструктивті контенттердің таралу аясын шектеу бойынша талдау, мониторинг жұмыстарын жүргізу;
• әлеуметтік желілерде қарсы насихаттық шараларды жүзеге асыру;
• дін саласындағы өзекті мәселелер туралы ресми ақпаратты бірлесе отырып дайындау.

Айта кетейік, діни экстремизмге қарсы орталық 2016 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жаңа оқу жылына бес мектеп ашылып, 10 білім ошағы жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
14.08.2026

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Диана Ахметова
14.08.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Диана Ахметова
14.08.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Диана Ахметова
14.08.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Диана Ахметова
14.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz