Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаев қалалық ауруханасына вирустық инфекциямен күніне 200 адам түседі

Қазіргі таңда Алматы облысы бойынша ЖРВИ (жедел респираторлық-вирустық инфекция) асқынып тұр. Қонаевтың өзінде күнде 200 адам дәрігер көмегіне жүгінеді. Мұны қалалық аурухананың мамандары Alataunews.kz ақпарат агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында айтты.

17.10.2022
Аймақ
Сурет: Құттыбай Сәкен

Сурет: Құттыбай Сәкен

«Дәрігер көмегіне жүгінгендердің 50 пайызы балалар. Ал 90 адам ауруханада стационарлық ем қабылдап жатыр. Мұнда да тең жартысы – балалар», — деді дәрігер-эпидемиолог Ерлан Саржанов.

Оның айтуынша, дер кезінде ақ халаттылардың жәрдеміне жүгінген жөн. Себебі, ауру асқынып, пневмонияға әкелуі мүмкін.

«Былтырғымен салыстырғанда, биыл күзде балалар арасында вирустық инфекциямен ауырғандар, ауырып жатқандар өте көп. Арасында емізулі нәрестелер де бар. Қызу көтерілу, дененің тез құрғап кетуі, іш өту, құсу секілді ауру белгілері ЖРВИ-мен тығыз байланысты. Неге десеңіз, вирус үнемі мутацияға ұшырайды. Одан бөлек, вирус — қоршаған ортаға тез қалыптасады. Биыл жақсы нәтиже көрсеткен екпе ендігі жылы бұл аурумен тиімді күресе алмауы мүмкін. Сондықтан да тұмауға қарсы екпенің бірнеше түрі бар. Айта кетерлігі, науқастың тез емделіп шығуы – екпеге ғана емес, туа бітті иммунитеттің қаншалықты мықты болуына да байланысты», — деді дәрігер-инфекционист Гүлсара Құмарбекова.

9 айлық Алижан болса, соңғы бір айдың ішінде қалалық аурухананың педиатрия бөліміне екінші рет түсті. Ол пневмониядан толық айықпай жатып, екі апта өткен соң бронхитпен ауырып қалған. Анасы Сая Бектұрғанованың айтуына қарағанда, алғашында әлсіздік болып, қызуы түспей, жөтеліп ауырған. Қазір жағдайы жақсарды.

«Өздеріңіз білетіндей, қазан айында Қазақстан бойынша тұмауға қарсы екпе салынып жатыр. Биыл барлығы 9150 адамға вакцина егуді жоспарладық. Десе де, «балама екпе салдырмаймын», — деп, қарсы болатын ата-аналар да бар. Біз мұндай жағдайда оларға бар мән-жайды түсіндіреміз. Ғаламтордағы қисынсыз, жалған ақпараттың таралуы дәрігерлердің жұмысына кедергі келтіріп отыр. Халықтан ресми дереккөздердегі мәліметке сенуін сұраймын», — дейді Ерлан Саржанов.

Сонымен қатар ол 1 қыркүйектен осы уақытқа дейін 418 адамның ЖРВИ-дан жазылып шыққанын айтты.

«Бұл ауру әлі 1 ай ел ішінде жаппай таралады», — деді Ерлан Саржанов.

Айта кетейік, өткен жылы 7500-ге жуық тұрғын тұмауға қарсы екпе салдырған. Және 17 қазан күні Қонаевта тұмауға қарсы 2000-нан аса адам вакцина алғанын жазғанбыз.

Тегтер: Қонаев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz