Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қонаевта жантүршігерлік ойын ойнаған балалар оқитын мектепке қызметтік талдау жүргізіледі

Мектеп басшылығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Мұны Алматы облысы әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкел Alataunews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.

14.10.2022
Жаңалықтар

10 қазан күні Қонаев қаласындағы №5 мектептің оқушылары TikTok-тегі челленджді қайталаймыз деп сыныптастарын тұншықтырып өлтіре жаздаған.

«Әлеуметтік желінің арбауына түскен жеткіншектер түрлі келеңсіз жайтты көріп, тез еліктеп, соны қайталағысы келеді. Қазір «Тик ток» желісінің атағы жер жарып тұр. Ең болмағанда, ата-аналар осы қосымшаға кіріп, ұсынылған видеоларды бір ақтарып шықса, баласының не көріп жүргенін білер еді», – деді Ғалымұрат Жүкел.

Оқиғадан кейін төрт тісі түсіп қалған жасөспірім алғашында табалдырыққа құладым деген. Кейіннен ата-аналардың, мектеп әкімшілігінің, жауапты басқа да мамандардың алдында  ол шынын айтты. Ұлын буындырған балалардың ата-анасының үстінен арыз жазылған. Бірақ жәбірленушінің анасы кейін оны қайтарып алған.

Ата-аналар бұл жағдайға мектеп әкімшілігі жауап беруі тиіс дегенді айтады. Ал балалар әлгі челенджді бейнебақылау жоқ жерде жасағаны белгілі болды.

«Бұл біздің қателігіміз, өйткені бұл мектеп аумағында болды, біз жауаптымыз. Біз оқушылармен әңгімелесіп, олардың әлеуметтік желідегі трендті қайталауға тырысқанын білдік. Сыныптасын буындырған балалардың ата-аналары зардап шеккен отбасыға материалдық көмек көрсетуге дайын», – деді №5 мектеп директорының м.а. Мақпал Байжанова.

Полиция бұл істің бақылауда екенін хабарлады.

«Бақылау жасамағандықтан №5 мектептің директорының м.а. және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Жәбірленуші мен оның сыныптастары мектепішілік есепке алынды», – деді Қонаев қалалық ювеналды полицияның аға инспекторы Гүлмира Турлина.

Қонаев қалалық ауруханасының баспасөз хатшысы Айна Мұқанова, бұл жастағы оқушыларда өтпелі кезең болғандықтан ата-аналар аса мұқият болу керек дейді.

«Алғашқы секундтарда күретамыры, өкпе тұсы қысылған адамдар ерекше жеңілдік сезініп, бойында эйфория пайда болады. Ал 2-3 минуттан соң өліп кетуі мүмкін. Әлемде осы ойын пайда болғалы бері өз бетінше арқанға, белдікке буынып қайтыс болғандар баршылық», – дейді ол.

Мектеп мұғалімдерінің айтуынша, зардап шеккен баланың жағдайы қазір тұрақты. Ол Алматыда емделіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: Алматы облысында бүгін автобустар тегін жүреді

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2026

Алматы облысында Жамбыл Жабаевтың отызға жуық ұрпағы Құрылтай сайлауында дауыс берді

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2026

Алматы облысында студент Құрылтай сайлауында алғашқы болып дауыс берді

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2026

Алматы облысында сайлау учаскелеріндегі байқаушылар қалай жұмыс істейді?

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2026

Алматы облысында Құрылтай сайлауы басталды: миллионнан астам тұрғын дауыс бере алады

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz