Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысы NEET санатындағы жастар саны бойынша көшбасшылар қатарында

Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жастарды жұмыспен қамтудың жаңа тәсілдері мен механизмдерін енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

11.10.2022
Жаңалықтар

«Аса маңызды мәселе – халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыспен қамту. Ол үшін кәсіпкерлерге жағдай жасау керек.  Биылғы жылы Ұлттық жобаларды іске асыру шеңберінде 269 мыңнан астам жұмыс орны құрылуы тиіс.  Қазіргі уақытта 203 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты. Олардың 175 мыңы – уақытша жұмыс. Біз тұрақты жұмыс орындарын көбейтуге күш салуымыз керек», – деп атап өтті Премьер-Министр.

Ол үшін цифрлық технологияларға сүйену маңызды. Мемлекеттік органдардың жүйелерін толық интеграциялай отырып, жұмыспен қамту сервистерінің барлығын цифрландыру қажет.

«Отбасының цифрлық картасы, Электрондық еңбек биржасы мен Жұмыс орындарын құрудың интеграцияланған картасын біріктіргеннен кейін, жұмыссыз жүргендерге электрондық хабарламалар арқылы вакансиялар ұсынуға болады», – деді Әлихан Смайылов.

Жұмыссыздарға өтініш жазбай-ақ бос жұмыс орындарын ұсыну маңызды. Мұндай қызметтерді смартфон арқылы қолжетімді ету қажет.  Жастарды жұмыспен қамтудың жаңа тәсілдері мен механизмдерін енгізуге ерекше назар аудару керек.

«Жыл сайын еңбек нарығына 300 мыңға жуық жас шығады. Олардың жұмыс тәжірибесі жоқ, сондықтан жастарға бірінші кезекте жұмысқа орналасуға көмектесу керек. І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша NEET санатындағы жастардың саны Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл және Алматы облыстарында көп. Ал бұл өңірлерде мамандарға сұраныс көп. Аталған облыстардың әкімдіктері жастарды оқытып, жұмысқа орналастыру мәселесін бақылауға алсын. Жастарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары туралы жеткілікті ақпарат берілмейді. Сондықтан осы бағытта ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту қажет», – деді Үкімет басшысы.

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы – Қаскелең тасжолын сегіз жолаққа дейін кеңейту қашан аяқталады?

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын бюджетке 395 млрд теңгеден астам салық төледі

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz