Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында көпқабатты үйдің тұрғындары 30 жыл бойы пеш жағып келеді

Алматы облысында 5 қабатты қос үйдің тұрғындары 30 жыл бойы үйді көмірмен жылытып келеді. Орталық жылу жүйесінен ажырап қалған 80 отбасы биыл да қыстың қамына ерте кіріспек. Өйткені біріне көмір түсіріп, біріне солярка тасып, ал қалғандарына газ баллонын сатып алу керек, деп хабарлайды Alataunews.kz Алматы арнасына сілтеме жасап.

06.10.2022
Жаңалықтар

Сырт көзге барлық жағдайы жасалған көпқабатты үй болып көрінгенімен, кем-кетікті мұндағы тұрғындар жақсы біледі. Ал көкке қарап тұрған мұржалардан үйдің отпен жылынатынын байқауға болады.

Мұрат Бекмұратов ел-жұрт секілді балконына қажетсіз заттарды жинай алмайды. Өйткені орнында қыста жылу беретін үлкен пеш пен от жағуға қажетті құралдар тұр. Күз келсе 3 баланың әкесінен маза қашады. Себебі көмір сатып алудан бөлек, отын жағуға дайындалу керек дейді. Ол 50 шаршы метрлік пәтерді қыс бойы жылы ұстап тұру үшін 3 тонна көмір кетеді деп отыр. Ал балалар ойнайтын аула көмір түсіретін орынға айналған.

«Солярка қымбат. Тоқпен үй жылымайды, тек көмірмен. Бірақ көмірді 5-қабатқа көтеріп шығару қиындау. Мына көпқабатты үйде 40 пәтер бар, олардың әрқайсысында бір-бір газ баллоннан тұр», – деді Панфилов ауылдық округінің тұрғыны Мұрат Бекмұратов.

Жұрт қыста қандай отын түрін жағатынын білмей дал. Мұндағы халық қалтаға қарай көсіледі. Тұрғындар бір-бірінің жылдағы кеткен шығынын есептеп, ішінен тиімдісін таңдайды екен. Басым көпшілігі көмір жақса, енді бірі газ баллонымен жылынады. Ал қалғаны солярка қолданады екен.

«Бәрі де газ баллонмен отыр. Әр үйде кем дегенде бір баллон. Газбен жағатындарда 5-6 баллоннан бар. Егер олар жарылатын болса, бұл үйлерден ештеңе қалмайды. Құдай сақтасын, жарылмасын. Ондай жаманшылық болмасын», – деді Панфилов ауылдық округінің тұрғыны Болат Елікбаев.

Бұл мәселеден Панфилов ауылдық округінің әкімдігі хабардар. Мұндай жағдай осындағы көрші елдімекенде де бар. Сонда бас-аяғы 26 үй орталық жылу жүйесіне қосылмаған. Жағдайды шешу үшін 4 жылу қазандығын салу ұсынылыпты. Оған шамамен 250 миллиондай қаражат керек. Әзірге сметалық құжаттама да дайын емес.

Сондықтан тұрғындар биыл тағы да от жағады.

Соңғы жаңалықтар

Фото: kopsozkz

Конституция күні жыл сайын 15 наурызда атап өтіледі

Мөлдір Иманмади
16.03.2026

Райымбек, Кеген және Балқаш аудандарында референдумға қатысу 90 пайыздан асты

Қорлан Нұрланқызы
16.03.2026

Exit poll: қазақстандықтардың 86,7%-ы «Иә, қабылдаймын» деп жауап берген

Қорлан Нұрланқызы
16.03.2026

Алматы облысында референдум қалай өтті?

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

Алматы облысында ерекше жағдай: учаске жабылған сәтте келген тұрғын дауыс берді

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz