Жеңіс Шылбынұлы Тұяқов
1967 жылы туған. Білімі жоғары. Алматы мемлекеттік медицина институтын, ҚР Қаржы академиясын, «AlmaU» университетін бітірген, іскерлік әкімшілік жүргізу докторы.
Еңбек жолын коммерциялық құрылымдарда бастады. Әр жылдарда «KEGOC», «ЭҚКНКО» Ұлттық компанияларында басқарушы директор болды. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінде департамент директоры, Талдықорған қаласында «ТАТЭК» АҚ президенті, Жамбыл және Павлодар облыстарының энергетика және ТҮКШ басқармаларының бастығы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің өңірлік даму бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы лауазымдарында болды.
2017 жылдың шілдесінен — Алматы облысы әкімінің орынбасары.
Әлібек Әскербекұлы Жақанбаев
1964 жылы туған. Білімі жоғары. Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауылшаруашылығы институтын «орман шаруашылығы», Қазақ ұлттық аграрлық университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын Алакөл ауданында «Левобережный» кеңшарының жұмысшысы болып бастаған.
Ұзақ жыл Алакөл ауданы Үшарал қаласында орман шаруашылығы саласында еңбек етті. Сарқан, Алакөл, Еңбекшіқазақ аудандарының әкімі қызметтерін атқарды.
2022 жылдың ақпанынан Алматы облысы әкімінің орынбасары болды.
Рустам Али
1984 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасы мен докторантурасын «шығыстану», І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «қаржы» мамандықтары бойынша бітірген. PhD философия докторы.
Еңбек жолын Алматы қаласында «Деловая неделя» газетінде тілші болып бастап, осы газетте бөлім редакторы, бас редактордың орынбасары болды.
Әр жылдарда Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының «Жетісу жастары» Жастар орталығы» МКҚК директоры, Ескелді ауданы Қайнарлы ауылдық округінің әкімі, Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының бастығы, облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы, Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарды.
2021 жылдың мамырынан Ескелді ауданының әкімі болды.
Егінбаев Нұржан Жанайдарұлы
1975 жылы туған. Білімі-жоғары. Қазақ мемлекеттік экономика университетін, Д. А. Қонаев атындағы гуманитарлық университетті бітірді. Экономист, заңгер.
Еңбек жолын Талдықорған қаласындағы «тік» ЖШС экономисті болып бастаған. Бірнеше жыл Ішкі істер органдарында қызмет етті.
Әр жылдарда Талдықорған қаласы прокурорының көмекшісі, Орталық сайлау комиссиясының консультанты, заң бөлімінің меңгерушісі, ҚР Әділет министрінің кеңесшісі, Астана қаласының Әділет департаменті бастығының орынбасары, Алматы қалалық, Жамбыл облыстық Әділет департаменттерінің бастығы, Ақтөбе облысы Әділет департаменті директорының міндетін атқарушы, Астана қаласында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің бөлім секторының меңгерушісі, ҚР Әділет министрлігінде департамент директорының орынбасары, Талдықорған қаласында «Шаңырақ» ЖШС директоры лауазымдарын атқарды.
2022 жылдың ақпанынан – Алматы облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.