Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Премьер-Министр: елімізде 800 мың орындық мектептер салынады

Бұл туралы primeminister.kz ресми сайтында ақпарат тарады, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

03.10.2022
Жаңалықтар

Бүгін Үкімет үйінде өткен кеңес барысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру жөнінде тапсырма берді.

Жиында Премьер-Министр Мемлекет басшысы Реформалар жөніндегі Жоғары кеңестің отырысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының негізгі тәсілдерін мақұлдағанын, оның шеңберінде 800 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы мектептер салу жоспарланғанын еске салды.

«Ұлттық жобаны іске асыруға жедел кірісуіміз керек. Алайда бүгінде өңірлердегі 143 мектептің жер учаскелерін анықтау бойынша мәселелер шешілмеген. Бұл жұмысты барынша тездету қажет: қазан айының соңына дейін құрылысы 2023 жылға жоспарланған, ал жыл соңына дейін 2024 жылға жоспарланған мектептер бойынша мәселені шешу керек», — деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ ол оқу процесін цифрландыруды тездету қажеттігін атап өтті.

«Оқулықтарды цифрлық форматқа көшіруді жеделдету және балаларды ауыр сөмкелерден арылту қажет. Сондай-ақ әкімдіктермен бірлесіп, оқушыларды планшеттермен қамтамасыз ету мәселесін шешуді қолға алу керек. Атап айтқанда, «Қазақстан халқына» қорымен бірлесіп, ауылдық мектептердің балалары үшін планшет сатып алу мүмкіндігін пысықтау керек», — деді Әлихан Смайылов.

Кеңес соңында ол Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне байланыс операторларымен бірлесіп, еліміздің барлық мектептерін сапалы, жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы – Қаскелең тасжолын сегіз жолаққа дейін кеңейту қашан аяқталады?

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын бюджетке 395 млрд теңгеден астам салық төледі

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz