Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматылық акробаттар Азия чемпионатынан жеңіспен оралды

Павлодарда акробатикадан ХII Азия чемпионаты өтті. Оған 5 елден 150-ге жуық спортшы қатысты. Бұл жарыста Алматы акробатика мектебінің өкілдері жоғары деңгейдегі екі медальді жеңіп алды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

29.09.2022
Жаңалықтар

Алматылықтар құрлық біріншілігінде нағыз сенсация жасады. Алматылық акробаттар кейінгі 5 жылда алғаш рет аралас жұптық жаттығуларда бірден 2 алтын жеңіп алды.

«Біздің тәрбиеленушілеріміздің осындай үлкен және жауапты бастамадағы жетістігі — ең әуелі, СДЮШОР №9 мамандарының, атап айтқанда жаттықтырушылар мен хореографтардың еңбегі. Көз алдымызда жігіттер күн сайын екі рет дайындалып, сәтті өнер көрсетуге ынталанды», — деді СДЮШОР №9 спорт мектебінің директоры Айсұлу Серікқызы

Азамат Саусақбаев, Медина Мәдиқызы, Руслан Коцюба, Максим Сандулов, Илья Маслов және Батырхан Бақытжанұлы жоғары дайындықты көрсетіп, биылғы Азия чемпионатының жеңімпазыы атанды.

Қола медальдарды Артем Павлов пен Милана Рузиева, сонымен қатар әйелдер тобындағы Кристина Бендюкова, Лейла Хабибуллина және Виктория Растворова жеңіп алды.

«Қазақстандықтар көптеген жарыста жеңіс тұғырынан көріну үшін барын салып жатыр. Бұл материалдық-техникалық базаның жақсаруы мен Милад Карими мен Нариман Құрбановтың ересектер деңгейіндегі лайық қойылымдарының арқасында деп ойлаймын. Бұл эстетикалық спортта біздің бай дәстүріміз бен үлкен әлеуетіміз бар. Алдағы уақытта жерлестеріміз бізді Олимпиада жүлделерімен қуантатынына сенімдімін», — деді Айсұлу Серікқызы.

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы – Қаскелең тасжолын сегіз жолаққа дейін кеңейту қашан аяқталады?

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын бюджетке 395 млрд теңгеден астам салық төледі

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz