Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Заңгер: бұрынғы күйеуінен алимент талап еткен әйелдің ісі – негізсіз

Алматы облысы Қонаев қаласында өткен «Халық заңгері» науқаны аясында тұрғындарға көмек көрсеткен заңгер негізсіз арыз жазған әйелдің әрекеті жайлы Alataunews.kz тілшісіне айтып берді.

16.09.2022
Қоғам

«Алматы облысы орталығының тұрғыны бұрынғы күйеуінің үстінен негізсіз арыз түсірген. Ерлі-зайыптылар ажырасқанда бала әкесімен қалған. Десе де, бұрынғы әйелі ер адамнан алимент төлеуін талап етіп отыр», — дейді заңгер Венера Еркимбаева.

Маманның сөзіне қарағанда, қала тұрғыны Ольга Михайлова (аты-жөні өзгертілген) осындай шағым айтып, бауырының жеке бас мәселесін шешуге келген.

«Ольга Михайлованың бауыры әділдік орнату үшін баланың мекенжайын анықтау туралы сотқа талап-арыз жазуы керек. Бұл мәселемен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі арнайы мамандандырылған қалалық не ауданаралық сот айналысады. Сотқа арыз жазған 10 күн ішінде баланың әкесі қарсы арыз жазуына толық құқылы», — дейді заңгер.

Ал ұйымдастырылып отырған шараның мақсаты жайлы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының бірінші орынбасары Нұрсұлтан Бекинов сөз қозғады.

Оның мәліметінше, адамдар жеке проблемаларынан бөлек келесі мәселелермен жиі келеді:

1. Жер қатынастары мәселесі;

2. Білім саласы (оқушыларды тамақтандыру, құрылыс сапасы);

3. Денсаулық сақтау саласы (мүгедек санатын ала алмау, көрсетілетін қызмет сапасы, дәрі-дәрмектің жеткіліксіздігі).

«Бұл науқанның мақсаты – халықтың көкейінде жүрген сұрақтардың шешімін тауып беру, заң тұрғысынан кеңес беру. Егер олардың проблемасы акция барысында шешілмесе, біздің заңгерлер науқан біткен соң істі аяғына дейін жеткізуге тырысады. Ол үшін көмек сұрап келген әр азаматтың аты-жөнін, телефонын тіркеп жазып отырмыз», — деді Нұрсұлтан Бекинов.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Қонаевта аталған науқанның өтетіндігі туралы ақпарат жазған болатынбыз.

Тегтер: Қонаев

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz